Сәрсенбі, 22 Желтоқсан 2021 11:15

Тәуелсіздік жемісі

2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, 30 жыл көзді ашып-жұмғандай қас қағым сәт. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда «30 жылда біз қандай жетістіктерге жеттік? Келер ұрпаққа қандай жастарды аманаттаймыз?» деген сауалдар әрбір саналы азаматты толғандырары анық.

«Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі. Оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан Тәуелсіздік алған уақытта-ақ өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану үшін елімізде жастардың дамуына жол ашып, жағдай жасалуда. Мысалы, егемендікке қолымыз жаңа жеткен, мемлекет үшін экономикалық қиын кезеңге қарамастан «Болашақ» бағдарламасы іске асты. Білімге құштар талай жас шетелдің озық оқу орындарында білім алып, бүгінгі күнге дейін бағдарлама жалғасын тауып келеді. Жоғары оқу орындарында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әр түрлі Еуропа елдерінде білім алмасу процесіне қатысуға мүмкіндік те бар. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің үлкен жемісінің бірі – оқулықтардың өз тарихымыз бен мәдениетімізге, қазақы құндылықтарымызға сай жазылуы, елімізде қазақ мектептерінің көптеп ашылуы. Мысалы, біздің – Райымбек батыр атындағы орта мектепте алғаш 1994 жылы 2 қазақ сыныбы ашылған. Оның бірі 2-сыныпта – 13, ал 3-сыныпта – 14 оқушы, барлығы – 27 бала болса, биылғы оқу жылында мектебіміздегі 1355 оқушының 912-сі қазақ сыныптарында оқиды. Яғни азат елдің еркін ұландары өз елі, өз жерінде, бастысы, өз тілінде өз тарихын оқып жатыр. Бұл – Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі.

 

Ботагөз Жұмаділова,

«Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері,

ардагер ұстаз

 

 

Оқылды 1219 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет