Бейсенбі, 16 Желтоқсан 2021 12:33

Тәуелсіздікпен бір толқында

Еліміздің егемендік алып, тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғанына 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздікке жету жолында қанша қиыншылықты бастан өткізсек те, болашаққа бел буып, даму жолында келеміз. Әлемдегі дамыған 30 ел арасынан 30 жыл ішінде ойып орын алатын мемлекет болу – жұмылған жұдырықтай бірлігіміз бен рухани байлығымыздың шексіздігі.

Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басқаруымен Қарулы Күштер мен басқа да тиісті органдар елдің ішкі тыныштығына баса назар аудара бастады. Олардың бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен алғашқы болып құрылған Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері еді. «Ең бірінші өзге емес, өзіңнен баста» демекші, осылайша 30 жыл бұрын өзге емес, өз еліміздің ішкі тыныштығын қадағалаудан бастадық.

Біздің құқықтық тәртіп әскеріміздің 5 жылдығы қарсаңында Елбасымыз: «...Ішкі әскеріміз маңызды міндеттерді атқарды, еліміздің ішкі тәртібін қамтамасыз етіп, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға үлкен үлес қосып келеді» деп атап өткен болатын.

Жылдар өте келе, еліміздің экономикасы өркендеп, халқының саны артып, қарқынды дами бастады. Ұлт қауіпсіздігін заман талаптарына сай қамтамасыз ету үшін әскери құрылымдар мен тиісті органдарда біршама өзгерістер орын алды. 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына сәйкес ІІМ Ішкі әскері – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы аталып, құрамына өңірлік қолбасшылықтар мен Әскери Институт және Бас қолбасшылыққа тікелей бағынатын әскери бөлімдер еніп, қайта құрылды. Аталған жаңару мемлекеттік маңызды обьектілер мен елді мекендердегі құқықтық тәртіпті күзетуде барлық әскери бөлімдерге жаңа серпін мен бағыт-бағдар берді. Бұл ретте тікелей бағыныстағы 6654 әскери бөлімінің де жауынгерлік тапсырмалары қайта қаралып, Алматы облысының Есік және Талғар қалаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бұйырылды. Елдің ішкі тыныштығын сақтау – маңызды істің бірі. Осы орайда азаматтардың қауіпсіздігі, қоғам кұндылықтары, мем-лекет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерден қорғауды басты міндеті санайтын Ұлттық ұлан сарбаздары қарапайым халыққа қолдау мен демеу беруге аянбай күш салып келеді. Сондай-ақ қаншама ұлды тәрбиелеп, ұлтына адал жастардың патриоттық сезімдерін ұлғайтуда да аянып қалған емес. Сондықтан да Ұлттық Ұланның қатарында қызмет ету – көптеген жастар үшін үлкен құрмет.

Қазіргі уақытта Тәуелсіздік пен Ұлттық Ұлан – егіз ұғым. Тәуелсіздік деген бақытқа жете алмай жүрген қаншама ел бар?! Ал біз – көк аспанда желбіреген көк байрағы бар тәуелсіз елміз. Бізге берілген аса қымбат байлық – тәуелсіздікті бағалап, мәңгілік ету – әр сарбаз, әр азаматтың парызы.

 

Жандос Касымов,

ҚР Ұлттық ұлан

6654 әскери бөлім командирі,

подполковник.

Оқылды 1033 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тұғыры берік тәуелсіздік тартуы Тәуелсіздік жемісі »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет