Бейсенбі, 23 Желтоқсан 2021 15:53

Бірлік бар жерде тірлік бар

Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Наталья Дементьева мен Вакиль Набиев Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде кездесу өткізді.   

Кездесуге жастар, қоғамдық пікір жетекшілері, қоғамдық келісім кеңестерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, бiлiм беру, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, белсенді блогерлер, діни қызметкерлер қатысты. Жиынды «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев жүргізді.

Алғашқы болып баяндама жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов аудандағы этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

– Ауданымыздағы 300 мыңнан астам тұрғын еліміздің ертеңі, жарқын болашағы үшін бас қосып, елдік пен бірліктің туын көтеріп, халқымыздың бақ-дәулетін асырып келеді. Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның даму негізі бірлікте – деді М.Исламов.

Бөлім басшысының айтуынша, ағымдағы жылы аудан әкімдігіне әртүрлі наразылық акцияларын өткізу бойынша арыздар  түспеген. Ауданның ішкі қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты. Мемлекеттің тұтастығын сақтаудағы негізгі тұтқалардың бірі – этносаралық татулық, өзара келісім, ынтымақ пен бірлік ішкі саясаттағы басты бағыт ретінде қарастырылған. Осы орайда, Еңбекшіқазақ ауданындағы этносаралық татулық пен тұрақтылыққа өз үлесін қосып жүрген 5 этно мәдени бірлестік (ұйғыр, славян, грек, шешен-ингуш, түрік) пен 3 клуб (күрд, кәріс, татар) қызмет атқаруда. Ауданымыздағы 25 ауылдық округ пен Есік қаласында 302 мың 300 адам тұрады. Статистикалық деректер бойынша ауданда 54 ұлт пен ұлыс өкілі бар. Оның 60 пайызға жуығы қазақтар болса, қалғаны түрлі ұлт өкілдері. Бірнеше этностар тұратын елді мекендерде шиеленіс ошағының туындау ықтималдығының деңгейі үнемі жергілікті атқарушы органдардың тарапынан қатаң бақылауда.

Кездесуде сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Наталья Дементьевамен Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Вакиль Набиев 30 жылда жеткен жетістіктерге қысқаша шолу жасап, осыншама еңбектің ұйытқысы болған Елбасының ерен еңбегіне тоқталды. Қысқа уақыт ішінде еліміз бағындырған белестерді тебірене толғаған Наталья Дементьева мемлекеттік тілде баяндама жасады.

– Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы қысқа мерзім ішінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген Қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды.

Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономика-мыз нарықтық жолға түсті. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Бірақ та тәуелсіздіктің алғашқы жылдары беделді халықаралық сарапшылар және саясаттанушылар Қазақстанның этностық және діни қақтығыстар салдарынан ыдырап кетуі мүмкін деген болжамдар айтқан. Алайда, бұл пессимистік болжамдар орындалған жоқ. Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізудің негізгі міндеті болды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың саяси ерік-жігері халықтың бірлігін қамтамасыз етуге бағытталды. Бұл саясаттың өмірде іске асырылуы қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінде көрініс тауып, халықаралық тұрғыдан мойындалды. Еліміздің басты заңы – ҚР Конституциясында этносаралық және конфессияаралық қатынастар туралы норма бар, онда: «Біз, Қазақстан халқы» деген сөзбен басталып, бұл әуел бастан-ақ елдің барлық азаматтарының ортақ идеясын білдіру үшін жазылған. Ата Заңның 1-бабында барлық азаматтардың, олардың ұлтының қандай екеніне қарамастан құқықтары және бостандықтарының теңдігі бекітілген. Осылайша біздің еліміз әу бастан-ақ мәдениеттердің, тілдердің, халық дәстүрлерінің алуын түрлілігі мойындала отырып, азаматтық қоғам құру жолын таңдады – деген Наталья Григорьевна жиылған көпшілікті мерекемен құттықтады.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің бас маманы Әбілқайыр Әбенұлы көпшілікті мерекемен құттықтады. Ұлтаралық татулықты насихаттау мақсатында ел аралап жүрген халық қалаулылары осы бағытта талмай еңбек етіп жүрген аудандық этно-мәдени орталық жетекшілері мен мүшелері Надо Надыров, Савели Карасавиди, Зоя Магомадова, Нурбуви Насырованы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Алғыс хатпен марапаттады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 914 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет