Дүйсенбі, 10 Қаңтар 2022 09:10

10 қаңтар – Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні

Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсірілді. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.

Кейінгі күндері болған қақтығыстар кезінде қайтыс болған азаматтардың туған-туысқандары мен отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтқан болатын.

«Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүлкіне де залал келді. Сондай-ақ жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді. Осы трагедиялар кезінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтамын», - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаскөйлікке барған адамдардың бәрі қатаң жазаланатыны айтты.

«Біздің тарихымыздағы осы бір қиындықты тез арада еңсеретінімізге ешқандай күмән жоқ. Ең бастысы, болашақта мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу керек.

Мен құрған ведомствоаралық топ содырлар мен лаңкестерді іздеумен және оларды ұстаумен айналысады. Олардың бәрі қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп азаматтарымызға уәде беремін.

Барша қазақстандықтан өтінерім, сақтық танытып, барынша қырағы болыңыздар. Күмәнді адамдардың қандай да бір күдік тудыратын белсенді әрекетін байқасаңыз, құқық қорғау органдары мен жедел желілерге хабарлаңыздар», - деді Қ.Тоқаев.

Еске салсақ, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шеруге Қазақстанның өзге өңірлері де қосылып, оның арты содырлардың ылаңына ұласқан болатын. Жағдай ушыққандықтан 5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Кейін Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша төтенше жағдай режимі енгізілді.

7 қаңтар күні ҚР Президентінің келісімімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Республикалық жедел штаб басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі жарияланды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің соңғы дерегі бойынша Алматыдағы оқиғаларға байланысты сотқа дейінгі 125 тергеу басталған. Бұл істер кісі өлтіру, билік өкіліне зорлық-зомбылық жасау, қарулы шабуыл, бұзақылық және ұрлық фактілері бойынша қозғалған.

ҚР Ішкі істер министрлігі бүлікшілермен қақтығыста қаза тапқан полицейлердің тізімін жариялады.

Өз міндетін адал атқарғандар:

Тараздық полиция қызметкері капитан Сланбеков Рахат Нұрбайұлы;

Алматы қаласының полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы;

Алматы полиция бөлімінің аға сержанты Асылханов Әлен Мұхитұлы;

Прапорщик Ержанов Ербол Тілеубекұлы;

Жамбыл облыстық полициясының кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті де қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің тізімін жариялады.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар айындағы оқиғалар салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады», - делінген комитет хабарламасында.

Қаза тапқан қызметкерлердің тізімі:

1. ҚР ҰҚК Шекара академиясының кафедра бастығы Андрей Кабдинов;

2. Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің бастығы Дастан Әділбай;

3. ҚР ҰҚК Шекара академиясының аға офицері Жандос Жағалбаев;

4. ӘҚББ кіші жедел уәкілі Әділ Нүркенов;

5. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Жайық Әділқан;

6. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітім;

7. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Дәулет Жұпарбеков.

ҚР Ішкі істер министрлігінің соңғы дерегі бойынша Алматыдағы оқиғаларға байланысты 125 сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, бұзақылық, кісі өлтіру, сондай-ақ қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтың барлық фактілері бойынша сотқа 125 дейінгі тергеу басталды. 5 мыңнан астам адам ұсталды», - деді министрдің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев.

 

Дереккөз

Оқылды 913 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет