Жұма, 31 Желтоқсан 2021 10:12

Барыс бақ әкелсін

Барыс бақ әкелсін Сурет интернеттен алынды

Жаңа жылдан кез келгеніміз жақсылық күтеміз. Ертеңгі күнге мол үміт артып, келер жылдың кереметіне сенеміз. Ендеше, табалдырықтан аттағалы тұрған Барыс жылы қандай болмақ? Астрологтардың жаңа жылға жасаған болжамы қандай? Жалпы, Барыс жылы ел есінде нендей естелікпен қалды?

2022 жылы Сиыр жылының орнын айбынды Барыс басады. Сиыр жылын халық қиындығы мен ауыртпалығы мол жылдардың қатарына қосса, Барыс – ел ішінде жайлы жыл саналады. Дегенмен, 1937-1938 жылдары Алаш ардақтылары – ұлт зиялыларының «халық жауы» деген жалған айыппен сталиндік жендеттердің қолынан қаза табуы – қазақ тарихындағы ең ауыр жылдардың бірі екені сөзсіз. Халықтың сүт бетіндегі қаймағы – қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, қазақтың тарих мектебінің іргетасын қалаушы – С.Асфендияров сынды арыстар Барыс жылы ату жазасына кесілді. Сондай-ақ Тәуелсіздік бастауы болған үлкен оқиға – Желтоқсан көтерілісі де Барыс жылының еншісінде жатыр.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесін еңсерген егемен еліміз бұған дейін Барыс жылын екі мәрте: 1998 және 2010 жылдары қарсы алды. Ендеше, ол жылдардың тарих парақтарында қандай із қалдырғанын бағамдап көрелік.

1998 жыл – «Халық тұтастығы мен ұлттық тарих жылы» ретінде аталып, тарихи танымға айрықша мән беруге талпыныс жасалды. Осы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды. Еліміздің бас қаласы Ақмолаға «Астана» атауы беріліп, тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері тойланды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын да ұлғайтты.

Ал 2010 жылды Қазақстан Ресей, Беларусьпен бірге бірыңғай Кедендік одақ құрып, экономикалық ықпалдастықпен бастады. Астанада Ұлы Жеңістің 65 жылдығына салтанатты шеру, сонымен қатар ел Конституциясының 15 жылдығына арналған әскери шеру өтті. Елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының негізін салушы Керей және Жәнібек хандарға ескерт­кіш ашылды, Абай Құнанбаевтың да ескерткіші осы жылы бой көтеріп, «Хан шатыры» ғимараты салынды. Сыртқы саясатта үлкен серпіліс болған – ЕҚЫҰ елдері мемлекет басшыларының Саммиті ұйымдастырылып, барлық құрлықтан 75 елдің делегациясы біздің еліміздің төрінде бас қосты. Өкініштісі, 2010 жыл қайғылы хабармен де тарихта қалды. 12 наурызға қараған түні Алматы облысында орналасқан Қызылағаш су қоймасындағы бөгетті бұзып өткен су Қызылағаш ауылын алып кетті. Ресми мәлімет бойынша 45 адам қаза тапты. Осындай оқиғалармен ел есінде қалған Барыс жылына биылғы болжам қандай?

2022 жылдың өзгеріске толы болатынын болжаған астрологтар адам бойында алған бетінен қайтпайтын табандылық сияқты қасиеттің қажетін де ескертті. Дегенмен, өзге ғаламшарлардан гөрі Юпитердің басым түсетінін, ал оның сәттілік пен махаббаттың, білім мен саяхаттың белгісі екенін болжай отырып, Барыс жылында биылғыдай қатаң шектеулердің болмайтынын, саяхаттау, шекаралардың ашылып, ұзақ сапарларға шығу мүмкіндігі туатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ келер жылдың саны 6 екенін, ал бұл сан – нумерология бойынша өте сәтті жылдың белгісі екенін де ескертті. Жақсылыққа сенудің өзі – жақсылықтың нышаны емес пе?! Жаңа жыл әрқайсымызға берекелі жыл болсын, жылдан-жылға аман-есен, бауырымыз бүтін жетейік!

 

Жұлдыз жорамал не дейді?

Тоқты

Жалпы алғанда, Барыс жылы Тоқтылардың өмірінде жан-жақты үйлесім болады. Әсіресе, жылдың екінші жартысы – қызметте өсуді, қаржы мәселесін шешуді және жеке өмірін қалыптастыруды мақсат еткендер үшін өте қолайлы уақыт. Егер осы уақытқа дейін қолға алуға жүрексініп жүрген идеяларыңыз болса, батыл қадам жасайтын сәт туды.

 

Торпақ

Жылдың басы мен аяғында Торпақтардың жеке өмірінде тұрақсыздық болуы мүмкін. Ал бірақ бұл тұрақсыздықтың қаржы мәселесі мен қызметке еш қатысы жоқ. Керісінше, Барыс жылы берекелі жыл болмақ. Әсіресе, көктем кезінде Торпақтардың айы оңынан туады.

 

Егіздер

Алдыңызға қойған мақсатқа жету үшін жылдың басынан бастап көктемнің соңғы айына дейін жұмысқа қарқынды кірісіңіз. Қызметтегі қиындықтарға қарамастан, жеке өміріңіз гүлдей жайнай бермек. Мамырдан қарашаға дейін сәттілік сіздің жаныңызда екеніне көзіңіз жетеді. Дегенмен, бизнеске қатысты шешім қабылдарда қиялға берілмей, ақылға салу керектігін есте ұстаңыз.

 

Шаян

Өмір ағысын өзгертуді, қоныс ауыстыруды, саяхаттауды армандап жүрген болсаңыз, сіздің сәтіңіз туды. Айтарлықтай ауыртпалық пен қаржылық қиындық бола қоймайды. Жылдың бірінші жартысы өте сәтті болмақ. Күтпеген сый да, бонустар мен қаржы да, тіпті қызметте өсу де осы уақытта орын алуы ғажап емес.

 

Арыстан

Бұл жыл – Арыстандар үшін өзгерістер жылы. Ал ол өзгерістер сіздің пайдаңызға асуы үшін біраз еңбек ету қажет. Тіпті кейбір дүниені «құрбан» етуіңіз де ғажап емес. Бірінші жартыжылдықтың аяғында еңбектің жемісін көріп, марқайып қалатыныңыз сөзсіз. Көктемде жеке өміріңізде қиындықтар болғанымен жазда жарасымын табатынына сеніңіз. 

 

Бикештер

2022 жыл, жалпы алғанда, Бикештер үшін өте жеңіл өтеді. Кез келген өзгеріс өз ретімен кедергісіз келісім табады. Ойға алғаныңызды іске асыру үшін аса үлкен күш пен шығын шығаруға еш қажеттілік те болмайды. Ал жеке өміріңізді қолға алғаныңыз жөн. Бас бос Бикештерді жаз айларында жаңа танысулар мен кездесулер күтіп тұр.

 

Таразы

Барыс жылында қызметте мол табыс күтіп тұр. Дегенмен, кез келген биікке шығу үшін жоғары қарай нақты қадам жасау керектігі сияқты тынбай еңбек етуді естен шығармаған жөн. Жаз айларында сәттілік сізден теріс айналғандай көрінер. Алайда оған бола қолға алған істен бас тартуға болмайды. Жеке өміріңізге ден қойыңыз. Басыңыз бос болса, екінші жартыңызды табатын уақыт келді.

 

Сарышаян

2022 жылы Сарышаян жұлдызымен туғандар арманына қол жеткізуі үшін өте көп еңбектенеді. Сіздер үшін Барыс жылында сәтті де табысты уақыт – бірінші жартыжылдық пен жылдың аяғы. Жеке өміріңізде аздаған қиындықтар орын алуы мүмкін. Бірақ өмірдің қара сызығымен қатар ағы да жүретінін ұмытпаңыз. Махаббат үшін ең қолайлы уақыт – шілде мен тамыз.

 

Мерген

Жыл өте табысты болады. Әсіресе, қызметте мол мүмкіндікке ие боласыз. Екінші жартыжылдық күтпеген тосынсыйларымен қуантады. Дәл осы уақытта қолға алған жобаларыңыздың жемісі де мол болмақ. Ал жеке өмірге келсек, жаймашуақ көктем келісімін өміріңізді гүлге орары сөзсіз.

 

Тауешкі

2022 жыл үлкен өзгерістер орын алады. Әсіресе, өмір бағытын басқа арнаға бұрғысы келетіндерге мол мүмкіндік туады. Тек оны уақытылы пайдаланып үлгерген жөн. Тауешкі жұлдызымен туған жандар үшін қаңтар мен мамыр арасы, қараша-желтоқсан айлары өте сәтті, кез келген бастамаға қолайлы уақыт болады.

 

Суқұйғыш

Барыс жылы сізден мол еңбекті талап етеді. Мүмкін қызметіңізді ауыстыруға тура келетін де шығар. Дегенмен, кез келген кедергіні жеңу керектігін естен шығармаңыз. Қандай қиындық болмасын уақытша екенін де есте ұстаңыз. Өйткені екінші жартыжылдық сіз үшін сәтті болмақ. Ал жеке өміріңізді жаз бен күз айларында реттеп алғаныңыз жөн.

 

Балықтар

Барыс жылы сәттілік сіздің жағыңызда болмақ. Жеке дамуыңыз үшін, жаңа жобалар үшін, өміріңізге әдемі өзгеріс әкелу үшін бұл – таптырмас уақыт. Әсіресе, жылдың алғашқы төрт айы мен соңғы екі айы табысты. «Табысты» сөзі сіздің жеке өміріңізге де қатысты.

 

 Дайындаған

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 902 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет