Сәрсенбі, 12 Қаңтар 2022 12:42

Тұрақтылық пен бірлік керек

Кеше Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысына қатысып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қауіпсіздік, саясатқа қатысты маңызды мәселелерді жіпке тізгендей жан-жақты саралап, Үкіметке бірқатар міндеттер қойды.

Білім, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет салаларына үлкен қолдау көрсетілетінін айтты. Кешегі алаңдағы жағдай қайталанбауы үшін қауіпсіздік мәселесіне тоқталып, құқыққорғау жүйесіне реформа қажеттігін, шекара, күштік құрылымдар мәселесін көтерді. Әскерилерге, олардың техникалық базасына көңіл бөлу керектігін ескертті.

«Ең алдымен, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет» деген Президент қаржы нарығындағы «былықтарды» да әшкерелеп, қарапайым халыққа әлеуметтік қолдау қажеттігіне тоқталды. Осы орайда «Қазақстан халқына» деген қор ашылып, ел игілігі үшін жұмыс істейтінін айтты. Билік пен халық арасында алшақтық болмауын ескертіп, халықпен бірге жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ елімізде орындалатын барлық жобалар, қаржылық операциялардың ашық болуын, арнайы сайттарда тиісті мәліметтердің ашық жариялануын талап етті.

Президент Қ.Тоқаев осы және өзге де мәселелерді көтере отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының жарқын үлгісін көрсетті.

Сондай-ақ Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуы үшін ең алдымен тұрақтылық пен бірлік қажет екенін баса айтты.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Ерік Абитов,

Алматы облыстық мәслихат депутаты

Оқылды 977 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет