Бейсенбі, 20 Қаңтар 2022 10:58

Бақыт – бірлікте, байлық – еңбекте

 

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 11 қаңтарда өткен отырысында: «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет» – деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, Президент жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді. Президент әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мемлекет пен халық арасындағы тең диалог арқылы мүмкін болатынын бірнеше рет атап өткен еді.

Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар. Расында, бүгінде халқымыз басынан ауыр кезеңді өткеруде. Осындай сын сағатта қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айырылмай, бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті бізді барша әлемге танытатын елдік болмысымыздың кепілі екендігіне назар аударуымыз қажет. Дана халқымызда «Бақыт – бірлікте, байлық – еңбекте» деген өнегелі сөз бар. Сондықтан еліміздің болашағы, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер талмай еңбек етуіміз қажет. Бұл орайда ел ішіндегі жарастығымыз, татулығымыз да алдағы жетістіктердің бастауы болмақ. Сонда ғана біз жеңіске жетіп, тәуелсіздігімізді сақтап, кемел болашақтан үміттенеміз.

Бұл турасында Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мақаласында ашып айтты. «Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы» – деді Қ.Тоқаев.

Халық қазір билікке сенім артып, нақты нәтижелерді, бағдарлы жұмыстарды, ортақ диалог пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күтіп отыр. Оның ішінде ең негізгі мәселе – елдегі тұрақтылықты сақтау.

Біз сол сенім үдесінен шығып, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел мүддесін қорғау мақсатында қабылдаған шешімдеріне қолдау көрсетуіміз керек. Осы тұрғыда Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VІІ шақырылым депутттары, соның ішінде «Nur Otan» партиясының белсенділері осы мақсаттарда қоғамдық бастамада түрлі бағыттарда мүмкіндігі келгенше көмек көрсетуді жалғастыруда және Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жүктелген міндеттемелер бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға дайын.

Халқымыздың босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік міндет, бағымыздың жанбағы Мәңгілік еліміз, ортақ Отанымыз – Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі етіп, барымызды бағалай білуімізге байланысты. Біз «мың өліп, мың тірілген» ұлтпыз, рухы мықты халықпыз. Тар жол тайғақ кешу кезеңдердің барлығында да осы рухымыз жасымады. Күш-қайратымыз қайралып, қиындықтарға төзіп, табандылық жасап, жаудан тайсалмайтын мінез көрсеттік. Дәл осы тұста Тәуелсіздік пен егемендік екінің біріне беріле бермейтін бақ екендігін баршаңыз жақсы білесіздер. Тәуелсіздік – ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтқандай, тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Сондықтан Тәуелсіздіктің арқасында жеткен әрбір құндылықтың қадірін жете түсінуіміз қажет. Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қадірін білуіміз керек. Бұл халқымыз үшін өте жауапты кезең екендігі сөзсіз. Ендігі міндет – ел тілегіне құлақ асып, батыл қадамдарға бастайтын реформаларды жасауға шешім қабылдаған Мемлекет басшысына қолдау көрсету.

Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек.

Алдағы ортақ мақсатқа жетудегі ұйымшылдығымыз, бірлігіміз арта берсін. Баршаңызға амандық тілеймін, қиындықты бірге еңсерейік.

 

Бекет АХМЕТОВ,

«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты, аудандық мәслихат хатшысы.

Оқылды 712 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет