Дүйсенбі, 24 Қаңтар 2022 11:09

Татулық тұғыры теңселмесін!

 

Тәуелсіздік – ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтқандай, тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттік іргетасын қалаумен шектелмейді. Сондықтан Тәуелсіздіктің арқасында жеткен әрбір құндылықтың қадірін жете түсінуіміз керек.

«Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет. Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін көріп отырмыз. Мұның, әрине, бірнеше себептері бар: кейбір азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжей білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады. Бірақ, бізге керегі – тек ақиқат қана. Сол себепті, оқиғаларды мұқият зерттей отырып, айтарым: жыл басынан бері орын алған бар-лық жағдайлар – бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені – өздерінің қатігез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық» – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Қаралы қаңтарда бүлікшілердің азық-түлік пен жанармайдың бағасының түсуі немесе қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқаты емес, мемлекеттік бүтіндікті бүлдіруге деген қадам екендігін анық ұқтық.

Қаншама құқық қорғау қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың өмірін қиған, мемлекеттік мүліктерді бүлдіріп, кәсіпкерлерге үлкен шығын әкелген қиын-қыстау күндер – бұл бүгінгі сәт, ертеңгі тарих болмақ.

Бейбіт замансыз күніміздің қараң, бар байлығымыз – егемендігіміз екендігін тағы бір нақтылап бергендей.

Президент Қ.Тоқаев мәжіліс отырысында жасаған баяндамасында біраз өзгерістер енгізілетіндігін баяндады. Мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.

«...Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскерикөлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз. Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді. Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет. Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек» – деді Мемлекет басшысы.

Елдегі дүрбелеңнен соң Мемлекет басшысы халықтың тілегін ескере отырып, мәжіліс отырысында тың жоспарларымен бөлісіп, жаңа үкіметке нақты тапсырмалар берді. Президенттің қаралы күндердегі үндеуі елімізде үлкен өзгерістер болатындығын аңғартты. Бұл маңызды өзгерістер еліміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы серпіліс. Мемлекет басшысы айтқандай «Бұл Қазақстанның жаңа даму кезеңі». Шын мәнісінде патриоттық сезім деген бос сөздер мен ұран емес. Осы сын сағатта біз, жастар, ел Президентінің айналасына топтасып, біртұтас болуға тиіспіз.

Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,

Бірлікті ойлау үшін тірлік керек – деп, қара қылды қақ жарған Төле би бабамыз бекер айтпаса керек. Арандатушылыққа ермей, татулық тұғырын теңселтпей, береке-бірлікте ғұмыр кешейік!

 

Айжан ӘБІТ,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының маманы, аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» бағыты бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы.

Оқылды 1126 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет