Жұма, 28 Қаңтар 2022 16:19

Алматы облысында 4 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойламақ

Ағымдағы жылы жетісулықтардың игілігіне 304,4 мың шаршы метр тұрғын үй салыну жоспарлануда. Оның 241,5 мың шаршы метірі яғни, 3109 пәтерлі 350 тұрғын үй қолданысқа беріледі деп күтілуде. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
Баршаға мәлім, Алматы облысында 2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы жүзеге асуда. Басты мақсат- баспанаға мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қату.
Биылға өңірде жалпы ауданы 130,9 мың шаршы метр 1652 пәтерлік 38 тұрғын үй несиеге рәсімдеу үшін салынуда. Ал 1457 пәтерлік 312 тұрғын үй жалға берілмек. Халықтың әлеуметтік осал топтарында үйлі ету облыс басшылығының назарынан тыс қалмаған. Оның дәлелі, 639 пәтер құрылысының жүргізілуі, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 818 пәтер кілтін табыстау қарастырылған.
Алматы облысында жеке құрылыс салушылар есебінен жалпы ауданы 115,6 мың шаршы метр болатын 1708 пәтерлі 26 үйді іске қосу көзделген, оның ішінде 727 пәтер кезекте тұрғандарға берілетін болады. Жалпы ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 3836 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда,
«Өңірдегі тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту мақсатында облыс әкімдігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетіне жалпы ауданы 77,0 мың шаршы метрді құрайтын 964 пәтерлік 107 үй салуға қосымша өтінім берді.«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында»,-дейді Алматы облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ерке-Бұлан Усманбаев.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауын іске асыру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бүгінгі таңда жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі. Нарықты дамыту үшін жеке құрылыс салушылар мен жеке тұлғалардан бастапқы және қайталама тұрғын үйлерді жалға алып, одан әрі ЖАО-да кезекте тұрғандарға беру ұсынылады. Жалға берілетін тұрғын үйге субсидия бөлетін болады, сәйкесінше, жалға алушы тұрғындарды Отбасы бан белгілі бір талаптар бойынша іріктемек.
Негізгі шарттардың бірі, пәтерді жалға алушы үй кезегінде тұруы қажет, сонымен қатар, жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейі 36 мың теңгеден аспауы тиіс. Ескеретін жайт, әр аймақ үшін жалға алу құны бөлек есептеледі. Тұрғын үйді жалға алу мерзімі 5 жылды құрайды.

 

JETISÝ MEDIA

Оқылды 1452 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет