Сейсенбі, 28 Маусым 2022 10:08

Елге керек ақпараттың көзіміз, Жаңалықтың жаршысы, әлеуметтің сөзіміз (2-бет)

 

Ерзат АСЫЛ, тілші:

– Тілшілік тіршіліктен бөлек, ақындық өнеріңіз бар. Жарық көрген жыр жинағыңыз туралы айтып берсеңіз?..

– Өткен жылы желтоқсан айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен  «Тәуелсіздік сөзі» сериясы аясында 30 жас автордың қатарында «Құлағымда тұяқтардың дүбірі» атты жыр жинағым жарық көрді. Көлемі 3,5 баспа табақтан тұратын шағын жинаққа 30-дан аса өлеңім енді. Асығыстау құрастырылғандықтан жыр жинағының кей беттерінде қателіктердің барын жасырмаймын.  Өлеңді сирек жазамын. Мен үшін поэзия жалын сипата бермейтін асау арғымақ тәрізді.  Сол асау арғымақтың  жалын сипай алған сәті ақын шығармашылығының айы оңынан  туған шағы болмақ. Бір байқағаным қазіргі қазақ әдебиетінде әлемдік әдебиеттің алтын қорынан  молынан  сусындаған, бірнеше  шет тілдерін еркін меңгерген  қуатты толқын қалыптасып келеді. Бастысы, мен соған қуанамын.

– Өзіңіз бақылап жүретін, шығармашылығын жоғары бағалайтын журналистер кім?

– Қазақ журналистикасында қаламы қарымды әріптестеріміздің қатары аз емес. Дегенмен, Жанболат Аупбаев, Нұртөре Жүсіп, Жүсіпбек Қорғасбек сынды ағаларымыздың жазғандарын зер сала оқуға тырысамын. Олардың шеберлігі мақаланы жазған кездегі әр туындыны күтпеген детальмен, кездейсоқ оқиғамен бастап, сол материалдың соңын да сондай өзгеше жайтпен аяқтауынан айқын көрінеді. Сонымен қоса, теледидардан Дархан Әбдіктің «Парасат майданы», «Соңғы муза» бағдарламаларын шама-шарқымша көруге тырысамын. Дархан Әб-діктің бағдарламалары соны ойға, терең философиялық мәнге ие. Өкініштісі бізде ондай салмақты бағдарламалар аз.

Оқылды 12363 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет