Сейсенбі, 28 Маусым 2022 10:14

Елге керек ақпараттың көзіміз, Жаңалықтың жаршысы, әлеуметтің сөзіміз (3-бет)

Раушан ТАСЫБАВА, бас бухгалтер:

– «Еңбекшіқазақ» газетінің редакциясын қалай сипаттауға болады?

 – Мен 20 жылдан бері осы газет редакциясында қызмет атқарып келемін. Бұл өзіндік тарих пен дәстүрге ие берекелі ұжым. Әрине, уақыттың ағысымен түрлі  қиындықтарды еңсеріп, алға жүзіп келеміз. Мен мұнда ұзақ жыл қызмет еткен ардагер журналистердің де алдын көрдім. Олар құшағы кең, өте ізгі жандар еді. Бүгінде сол бір асыл бейнелерді сағына еске аламын. Ал қазір газет ұжымында буын алмасып, жастардың қатары толығып келеді. Менің бір байқағаным мұндағы жандар бір-біріне тез бауыр басып кетеді. Сол үшін де газет редакциясын үлкен отбасыға ұқсатамын. Өйткені осында  барлығы үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайды.

Сол себепті ұжымдағы әрбір мүшенің туған күні мен өзге де қуанышы назардан тыс қалмайды. Ұжымның әрбір мүшесі газет редакциясындағы жылулықты жан жүрегімен сезінеді. Қысқасы, біз өзіндік тарихы бар, қәсіби мамандар топталған берекелі ұжымбыз.

– Ұжымға айтар тілегіңіз?…

Келіп жеткен кәсіби мерекеміз құтты болсын! Ұжымдағы әріптестеріме  зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Газетіміздің тиражы көбейіп, редакциямыз көркейе берсін деген тілек айтқым келеді.

 

Ринат НАРХАНОВ, тілші:

– Сіздің ойыңызша, журналистің бойында болуға тиіс негізгі 3 қасиет қандай?

– Журналистиканы өмір бойғы ізденісті талап ететін мамандық деп есептеймін. Білім мен ізденіске қызықпайтын адамға бұл жерде орын жоқ деп білемін. Бөлтірік шешеннің өзінің баласына айтқан тәмсілі бар «не сөйлейтініңді біл, кімге сөйлейтініңді біл, қай жерде сөйлейтініңді біл» деген. Әсіресе журналистер қауымы осы сөзге баса мән беру керек секілді. Сұраққа келетін болсам журналистің бойында біріншіден батылдық, екіншіден шығармашылық ізденіс, үшіншіден ақиқатшыл болуы керек деп есептеймін.

– Өзіңіз жазған мақалалардың ішіндегі ең ұтымды, сәтті шыққаны қайсысы деп есептейсіз?

– Менің хоббиім әрі қосымша табыс көзім той жүргізу болғандықтан, қазақтың қазіргі таңдағы кемшілікке толы тойы мен бейсауат асабалардың қателіктерін сынаған «Сөз түзелді» атты мақалам сәтті шықты деп ойлаймын.

Оқылды 9482 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2025

Цифровые привычки XXI века

Айгуль Забирова, главный научный сотрудник КИСИ при Президенте РК, доктор социологических…
Ақп 05, 2025

Алматыда 2025 жылы

«Арлан», «Батыр», «Тұлпар», «Арыстан», «Жібек Жолы», «Азия», «Тау Самалы», «Береке»,…
Ақп 05, 2025

Темір жол машиналарын жасау…

«Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол…
Ақп 03, 2025

"Сұңқар" арнайы жасағы халықаралық…

Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне қарасты "Сұңқар" арнайы жасағы Біріккен Араб…
Ақп 03, 2025

Еще одну медаль завоевала…

Ранее она выиграла золото на дистанции 1 000 метров и в командном спринте Казахстанка…
Ақп 03, 2025

В Алматинской области за неделю…

В регионе продолжается активная работа по обеспечению занятости населения. Только за…
Ақп 03, 2025

Ремонт республиканской автодороги…

Республиканская автодорога «Нарынқол-Кеген», решение по которой откладывалось на…

Күнтiзбе

« Ақпан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет