Сейсенбі, 28 Маусым 2022 10:22

Елге керек ақпараттың көзіміз, Жаңалықтың жаршысы, әлеуметтің сөзіміз (4-бет)

Индира ТОКМУРЗАЕВА, дизайнер:

– Газетті алғаш беттеген күніңіз туралы естелігіңізбен бөліссеңіз?..

– Мен редакцияға келген күннен бастап газет беттедім деп айта алмаймын. 2006 жылы 1 қарашада мәтін теруші болып жұмысқа қабылдандым. Алғаш газет беттеген күнім әлі есімде. Газетті бірінші рет беттеген кезде қиналғаным рас. Мәтінін қалай қояды, суретін қалай таңдайтынымды білмейтінмін. Ол кезде менің тәжірибем аз болғандықтан, түннің бір уағына дейін отырған кездерім болды. Мені газет беттеуге үйреткен ұстазым дизайнер Рашида Рахманова, газеттің қай жерінде сурет, қай жерінде мәтін тұратынын сызып беретін Баянды аға болатын. Осы кісілер менің газет беттеуді үйренуіме  көп  еңбегін сіңірді.

– Жұмыстағы бір күніңіз қалай өтеді?

– Менің жұмыс күнім таңғы сағат 9-дан басталады. Газет беттелмей тұрып бірінші жоспарланады, сол жоспарға байланысты материалдар дайындалады, содан кейін ғана барып газет беттеледі. Материалдар алдыма келгеннен бастап маңыздылығына қарай бөлінеді. Жоспарға байланысты қай материал кету керек, қайсысы кетпеу керек соған қарап, газет беттеледі. Менің газеттегі бір күнім осылай өтеді.

 

Майя АКИРБАЕВА, дизайнер:

 – Дизайнер мамандарға жиі қойылатын сұрақтың бірі – кәсіби оқу қажет пе?

– Әрине. Ғылым мен технологияның қарыштап дамыған кезеңінде өмір сүріп жатқандықтан, күн сайын түрлі өзгерістер болып, өмірімізге жаңашылдық еніп жатады. Білгеніңді ары қарай дамытып, оқып-ізденіп, уақыт ағысымен бірге жылжып отыру маңызды. Дизайнер болу үшін 4 жыл жоғары оқу орнында оқып шығу мүмкіндігі болмаса, арнайы қысқа мерзімде оқыту курстары бар. Дизайнерліктің қыр-сырын біліп, кәсібилікті арттыру үшін солардан өту керек.

– Жұмысыңыз сізге қандай жауапкершілік артады?

– Дизайнерлік ең алдымен – шығармашылық. Ойша бейнелеу, мәтін мен иллюстрацияны үйлестіру, өңдеу, әрлеу...бәрі-бәрі шығармашылықты талап едеті. Сенің жасаған жұмысың – қорытындылаушы. Басылым бетіндегі кез-келген ақпарат, мейлі ол мақала немесе жарнама болсын дизайнердің жұмысы арқылы бенеленіп оқырманға жетеді.

Оқылды 13079 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2025

Цифровые привычки XXI века

Айгуль Забирова, главный научный сотрудник КИСИ при Президенте РК, доктор социологических…
Ақп 05, 2025

Алматыда 2025 жылы

«Арлан», «Батыр», «Тұлпар», «Арыстан», «Жібек Жолы», «Азия», «Тау Самалы», «Береке»,…
Ақп 05, 2025

Темір жол машиналарын жасау…

«Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол…
Ақп 03, 2025

"Сұңқар" арнайы жасағы халықаралық…

Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне қарасты "Сұңқар" арнайы жасағы Біріккен Араб…
Ақп 03, 2025

Еще одну медаль завоевала…

Ранее она выиграла золото на дистанции 1 000 метров и в командном спринте Казахстанка…
Ақп 03, 2025

В Алматинской области за неделю…

В регионе продолжается активная работа по обеспечению занятости населения. Только за…
Ақп 03, 2025

Ремонт республиканской автодороги…

Республиканская автодорога «Нарынқол-Кеген», решение по которой откладывалось на…

Күнтiзбе

« Ақпан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет