Жұма, 28 Қазан 2022 10:00

Ортақ борышымыз – көпке көмек көрсету

Қазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Мемлекетіміз зейнеткерлер мен әлеуеті төмен, көпбалалы отбысылар және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуға қашан да әзір. Сол көмектің тиісті жандарға жетуі үшін қалтқысыз қызмет атқарып жүрген әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегін бағалаған жөн әлбетте. Аталған саланың кәсіби мерекесінің қарсаңында «Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Қалдыгүл Айсинамен тілдестік.

Өңіріміздің әлеуметтік экономикалық көрсеткіші жоғарылауымен бірге, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге де көмекке мұқтаж жандарға деген қамқорлықтың аясы жылдан-жылға кеңіп келеді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Қалдыгүл Оспанәліқызының сөзінше, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2022 жылдың 1 қазанына отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табыстары кедейлік шегінен төмен болатын құрамында 13922 адам бар. 2630 отбасына 915,4 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленгенін мәлімдеді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының бір жастан алты жасқа дейінгі 2993 баласына 126,3 млн теңгенің 22445 теңге кепілдендірілген әлеуметтік топтама мен тұрмыстық химиялық тауарлар жиынтығы  берілгенін баяндады.

Биылғы Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай ауданымыздағы 3 ардагердің әрқайсына 1,5 млн теңге қаражат бөлінгенін, сонымен қатар соғыста қаза болған батырлардың жесірлеріне, тылда қызмет еткендерге, басқа да соғыстарға қатысқан ардагерлерге талапқа сай әлеуметтік көмектер көрсетілгенін айтқан бөлім басшысы басқа да мәселелерге тоқталып өтті.

Мәселен, аудан бойынша туберкулез індетімен ауыратын адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында 154 адамға 11,1 млн теңге, індетке шалдыққан  балалардың (СПИД-ке) 16 қамқоршыларына – 10,4  млн теңге, 766 аз қамтылған отбасыларына – 31,5  млн теңге тұрғын үй көмегі, 302  ата-анаға (307 бала) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын  өтеуге 12,5 млн теңге берілген.

Аз қамтылған 535 отбасыларыдың мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балаларына 80,9 млн теңге төленгенін білдік.

Бұдан бөлек әлеуметтік қолдауды аса қажет ететін адамдарды қолдау мақсатында жеке оңалту бағдарламасы бойынша 503 өтініш (875 ортопедиялық құралға), оның ішінде берілгені 607 ортопедиялық құралдар, сурдотехникалық құралдарға 50 өтініш (106 сурдотехникалық құралға), оның ішінде 96 сурдотехникалық құралдар берілген, тифлотехникалық құралдарға 36 өтініш (132 ттифлотехникалық құралға), оның ішінде 124 тифлотехникалық құралдар берілген, 122  мүмкіндігі шектеулі жандардан 160 қол арбалар алуға өтініштер қабылданып, оның ішінде 151 кресло-арбалар берілген.

Игілікке толы қызметте абыроймен жұмыс жасап жатқан жандарға тек жақсылық тілейміз.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 4010 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…
Қаң 26, 2026

Конституцияны жетілдіруге…

онституциялық комиссия отырысында қаралған түзетулер қоғамның кең ауқымды қатысуымен…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет