Жұма, 02 Желтоқсан 2022 08:49

Бағаны тұрақтандыруға басымдық берілді

АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ӨМІР СҮРУІНЕ КҮНДЕЛІКТІ ТҰТЫНАТЫН ҚАРАПАЙЫМ ТҰРМЫСТЫҚ ТАУАРЛАР АУАДАЙ ҚАЖЕТ. ОНЫҢ ІШІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ РӨЛІ БАСЫМ ЕКЕНІ АЙТПАСА ДА ТҮСІНІКТІ. ТАУАР ҚҰНЫ ШАРЫҚТАСА, ТҰРМЫСТЫҢ ҚҰТЫ ҚАШАРЫ АНЫҚ. ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ, БҮГІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ӨНІМ БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙҒА АЙНАЛДЫ. ХАЛЫҚТЫ АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ БАСЫМ МІНДЕТІНІҢ БІРІ. БҮГІНДЕ  АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ БІРҚАТАР ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНЫП, ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ.

Жыл басынан 19 негізгі азық-түлік тауар бағасы 18 пайыз өскен. Негізінен, баға өсімі маусымдық сипатқа ие. Әдеттегіше жылда  қаңтардан  бастап сәуірге дейін қымбаттайды. Ал мамыр айынан саудаға жаңа өнімдер келгенде тауар құны арзандай бастайды. Сонымен қатар бағаның өсуіне шикізат пен өзге де материалдардың қымбаттауы мен тасымал шығындары әсер етеді. Аралық делдал қызметінде жүрген алыпсатарлар да өз үстемелерін қосады. Жыл басында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша баға реттеуді енгізуді тапсырған еді. Апта сайын осы мәселе бойынша Үкімет отырысы өтіп, жергілікті атқарушы органдарға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдау туралы міндеттер жүктелген болатын. Өңірімізде аудан әкімі тарапынан баға өсімін баяулатуға, тұтынушылар мүддесін қорғауға бағытталған шешімдер қабыл-данды. Айталық, аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында, аудан әкімінің 2022 жылдың 26 қыркүйегіндегі №41-ө өкімімен жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобының құрамына тиісті мемлекеттік органдар және аудандық «АMANAT» партиясы, кәсіпкерлер Палатасы кірген еді.

Бүгінде аталған жұмыс тобымен бағаны тұрақтандыру, оның шамадан тыс өсіп кетуіне жол бермеу мақсатында «АMANAT» партиясының аудандық филалы мен кәсіпкерлер Палатасы және мәслихат депутаттарымен бірлесіп, аудан аумағындағы сауда нүктелерінде және базарларда 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келеді.

Биыл жазда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірі саналатын қант бағасының шекті бағадан асуы, қорының күрт төмендеуі байқалды. Осыған байланысты бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері «Ақсу қант» ЖШС-нен жалпы 45 тонна қант жеткізіліп, төмен бағамен аудан дүкендерінде сатылыпты. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, жыл басынан «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан 1000 литр күнбағыс майы, 3 тонна 1-ші сұрыпты ұн және 2,5 тонна қарақұмық, 500 кг картоп пен 150 кг сәбіз, 3 тонна қырыққабат, 1 тонна пиязға өтінім беріліп, ауданның көтерме-бөлшек сауда дүкендеріне жеткізіліп, әлеуметтік сөрелерде арзандатылған бағамен сатылыпты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін алдын алу мақсатында аудан әкімдігі, Есік қаласы мен ауылдық округтер әкімдіктерімен бірлесіп, ауданның дүкендері және наубайханаларымен биылғы  жылдың  1 ақпанынан бастап бүгінге дейін 200 меморандум жасалған. «Бұл меморандумдар азық-түлік бағасын тұрақтандырып, оның өсуіне жол бермеу мақсатында жасалды. Соның нәтижесінде кей дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 15% төмен бағада саудаланды», – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Нұрболат Серғали.

Ауданда бағаны тұрақтандыру мақсатында Есік қаласында қыркүйек, қазан айларында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Өңір  тұрғындарына табиғи әрі сапалы өнім түрлерін төмен бағада ұсыну және ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруаларды қолдауды негіз еткен жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері 10-15%-ға төмен бағада сатылған болатын. Қазір аудан әкімдігі тарапынан өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру, оның шамадан тыс асып кетпеуіне жол бермеу мақсатында кәсіпкер-лермен тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 3524 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет