Жұма, 03 Ақпан 2023 10:52

Қыс қызығы сырғанақ, жолға, бала, жүр қарап!

Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейне бір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды. Биылғы қыс та өз сәнімен келіп балдырғандарды қуантты. Алайда қауіпсіздік шарттары сақталмаған жерлерде сырғанақ теуіп жарақат алған, тіпті балғын өмірімен қош айтысқан балдырғандар да жоқ емес. Сондықтан мұз айдыны мен сырғанақта жарақат алып қалмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қаншалықты маңызды екені түсінікті дей беріңіз. Қысқы сырғанақ тебу алаңдары стихиялы түрде пайда болатыны шындық. Оларды алдымен ауыл балалары, кейіннен ауыл тұрғындары тартылып үлкен сырғанақ алаңдарына айналдырып жатады. Бүгінгі күнде ауданымыз  аумағында бірнеше сырғанақ алаңдары бар. Айталық, Рахат ауылдық округіне қарасты жергілікті жұрт «Нұртөбенің белі» атайтын аумақ осы күні берісі Талғар, арысы Алматыдан адамдар сырғанақ тебуге арнайы келетін орынға айналған. Түрген ауылдық округіне қарасты «Тақыр тау» жотасы да сенбі мен жексенбі күндері адам қарасы үзілмейтін мекен саналады. Сырғанақ тебуге арнайы шығарылған жұмсақ баллондарын жалға беріп, ақша табатын ағайындар да жүреді осында. Бір сағат сырғанауға 2000 теңге беріп сөз жеткісіз ләззатқа кенелесің. Бірақ осы сырғанақ алаңдарында ешқандай  қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Соның салдарынан кейбір келушілердің жарақат алып жататыны да шындық. Бұл мәселені бақылауға алу жергілікті әкімдік пен полицияның құзіретінде екені анық. Осы түйткіл бойынша Рахат ауылдық округі әкімдігіне хабарластық. Округ әкімі Қайсар Богусбаев: «Рахат ауылының шыға берісіндегі 22 гектар жер жеке шаруа қожалығының еншісінде. Бүгінде бұл маң заңсыз сырғанақ алаңына айналды. Мұнда демалыс күндері мыңдаған адам келеді. Сол себепті біз түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп тұрамыз. Ата-аналарға балаларға сырғанаудың қарапайым ережелерін үйретуді әрі қараусыз қалдырмауды үнемі ескертіп келеміз», – дейді.

Сырғанайтын орынмен қоса, әр бала өзінің қауіпсіздігіне баса назар аударуының да жөні бөлек. Бұл турасында кәсіби мамандардың өзіндік айтары бар. «Сырғанап келе жатқандарға қарама-қарсы бағытқа шықпау, алдыңғы адам сырғанап болғанша төменге құлдилап сырғанамау керек. Сонымен қоса, белді немесе басты сырғанайтын бағытқа бұрып сырғанамау керек, сырғанаққа шыққан кезде де сырғанап түскен кезде де жан-жаққа қарап отырған абзал. Киім ойдағыдай жылы болу керек. Тағы бір мәселе, сырғанау барысында теміршананың да қауіпті екендігін ескерген жөн. Сырғанақ тебушілердің басым бөлігі бүлдіршіндер десек, оларға тек жылдамдық қажет. Аталған жылдамдық деңгейіне сырғанауға арналған жұмсақ баллон – тюбингті пайдалану шарт. Сонымен бірге, құлаған кезде де жараланудың алдын алуға болатын түрлі әдіс-тәсілдері бар. Соны үйреніп алу керек. Біздің орталықта ондай әдіс-тәсілдер теория жүзінде де оқытылып қана қоймай, қысқы жорықтар кезінде нақты тәжірибе жүзінде көрсетіледі», – дейді облыстық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығының әдіскері Асылбек Сайбосынов.

Әлемде қысқы туризмді қыруар қаржы көзіне айналдырып отырған елдер сияқты біздің өлке табиғатының да әлеуеті мол. Тек оған ынта мен ұйымдастыру, экотуризмге қызығушылық пен сұраныс жоғарылығы артса болғаны. Бүгінде ауданымызда қысқы туризмді дамыту мәселесі жиі айтылуда. Біз сөз етіп отырған жабайы сырғанақ тебу алаңдарын мәдени қалыпқа келтіре отырып, тәртіп әрі қауіпсіздік орнатуға, түрлі инфрақұрылымдарды жасауға болады. Егер сол қадамдар жасалып жатса, өңіріміздің қысқы туризмі тыңнан серпін ала бастар еді.                                               

Е.АСЫЛ.

Оқылды 2348 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет