Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2023 14:48

Белсенді орталықтағы белсенді ардагер

Зүбайда Көпбайқызы қазіргі таңда Есік қаласы «Белсенді ұзақ өмір орталығының» белсенді қызмет алушысы. Орталықтың скандинавиялық жаяу жүру, емдік дене-шынықтыру, еңбек терапиясы, цигун, массаж, аквааэробика қызмет түрлеріне қатысады. Белсенді ұзақ өмір орталығының тағы бір белсенді қызмет түрі агрокраудсорсингке қатысып, бөлінген жерге егін егіп, жаз бойы күтіп-баптап, өнімін алды. Зейнеттегі жасына қарамастан, белсенді ұзақ өмір орталығының қызмет алушыларымен скандинавиялық жаяу жүруден 2023 жылдың 12 қараша күні «CITY RUN-2023» күзгі марафонына қатысып, сертификат, медальмен марапатталды.

Есік қаласының құрметті ардагері Асанова Зүбайда Көпбайқызы 1944 жылдың 17 наурызында Тәжікстанның Қорғатөбе ауылында дүниеге келген. Отбасында бес ағайынды болған екен. Әкесі Көпбай есепші қызметінде, анасы Бибіқадиша сол ауылдың клуб меңгерушісі қызметінде болған азаматтар. Қазақстанға 1956 жылы көшіп келген Зүбайда апа Кентау қаласында мектепті тәмамдап, 8 сыныптан кейін Түркістан педагогикалық училищесін, кейін Шымкент педагогикалық институтында оқып, дефектология мамандығын алады.

Оқуын аяқтаған соң 1964 жылы жиырма жасында тұрмысқа шығады. Жұбайы Серік Төлегенұлы Есік қаласындағы Алматы облыстық арнайы мектеп-интернатында оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған. Қазіргі кезде олар бір ұл мен екі қыздың ата-анасы, бес немере мен бір шөберенің аяулы ата-әжесі болып отырған жағдайы бар.

Зүбайда Көпбайқызы саналы ғұмырын білім саласына арнаған ардақты ұстаз. Балабақша меңгерушісі болып, кейін Есік қаласындағы облыстық арнайы мектеп-интернатында орыс, қазақ тілі пәндерінен сабақ береді. Құрметті зейнет демалысына шықса да, 2011 жылға дейін жұмысын сол мекемеде жалғастырған.

1970 жылы «Білім саласындағы еңбегі үшін» медалімен, 1992 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен және 2023 жылы Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

– Мен Есік қаласындағы белсенді ұзақ өмір орталығына ашылған күннен бастап барып жүрмін. Денсаулығым әлдеқайда жақсарды, өз замандас-тарыммен араласып, ортам кеңейді. Мерекеде ән айтып, би билеп, аға буын өкілдері өз уақыттарын қызықты өткізуде. Үйде отырғанымнан гөрі орталыққа келіп уақытымды тиімді әрі өзімнің денсаулығыма пайдалы өткізудемін. Осындай орталық ашып, зейнеткерлердің алғысын алып отырған басшылыққа алғысымыз шексіз – дейді Зүбайда Асанова.

Назира КЫДЫРКОЖАЕВА,

Белсенді ұзақ өмір орталығы директорының орынбасары.

 

Оқылды 1874 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет