Жұма, 22 Желтоқсан 2023 09:54

Жақсы болсаң жаның көп

Қазақта: «Биікке шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» деген мақал бар. Жақында жақсы адамдар алдында жадыраған, бастарын қосып дабырлаған қуанышты жиын болды сонау ауданның шығысында осыдан 60 жыл бұрын соқа тісі тимеген иен даланы дүбірге бөлеген, бүгін де төрт мың тұрғын тіршілік етіп жатқан Нұра ауылында.

Қазақта: «Биікке шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» деген мақал бар. Жақында жақсы адамдар алдында жадыраған, бастарын қосып дабырлаған қуанышты жиын болды сонау ауданның шығысында осыдан 60 жыл бұрын соқа тісі тимеген иен даланы дүбірге бөлеген, бүгін де төрт мың тұрғын тіршілік етіп жатқан Нұра ауылында.

Кеңшіліктің кезінде келешегіне сай салынған Ораз Жандосов атындағы орта мектепте келген қонақтарды директор Ысқақ Салманов құрметпен қарсы алып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырудан бастады игі шараны. Кіре беріс кең дәлізде оқушылардың түрлі оқу жарыстарында, олимпиадаларда, спорттарда, сурет, би, басқа да өнер бәсекелерінде жүлдегер атанғандардың  медальдары, марапаттары көрмеге қойылып, алыстан  өзіне қаратады.  Оқушылар салған суреттер де менмұндалап тұр. Тіпті дәліздің оң жағында киіз үйдің жартылай көрінісі жасалып, қару-жарақ, бүркіт пен қасқырдың қатырылған денесі де көз тартады. Келгендер естелік суретке түсіп, мәз. Шелектен уақытша көшіп келген, интернатта оқып жүрген балаларға да барлық жағдай жасалыпты. Жатақханасы, ойын, дайындық кабинеттері, тіпті дәретханасы да ішінде, кітапханасы да қасында. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің, «Нұр сұңқар» сыйлығының, «Мәдениет қайраткері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Алматы облысы, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандарының құрметті азаматы Сүлеймен Мәмбеттің оқушыларға сыйға тартқан үш мыңнан аса кітаптарымен танысты қонақтар. Оқушыларды ынталандырып, үздік оқығандарға шәкіртақы тағайындаған жақсылығы да айтылды.

«Жақсыны көрмекке» демекші, «Жаныңда жүр жақсы адам» атты бұл жүздесуге ауылдың жайсаңдары да шақырылыпты. Жиын залында келген қонақтарды қошеметпен қарсы алған оқушылар қонақтарды салтанатты түрде таныстырды. Жұмыс жайымен жиынға келе алмаған танымал ақын Бақыт Беделханнан басқасы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және дүниежүзілік түркі ақындары фестивалінің лауреаты Жарас Сәрсек, асысағалық жерлесіміз,  елге танымал  актер Бақыт Тұшаев, Сөгетінің тумасы, ауған соғысының ардаргері, облыстық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Байдәулет Дәркенбай мен оның қарулас досы, ауған соғысының ардагері Бақыт Халықов, ұзақ жылдар медицина саласында еңбек еткен ақ халатты абзал жандар, желтоқсан көтерілісінің куәгерлері Айгүл Имашева мен Мәншүк Құрманова төрден орын алды.

Мектеп директоры Ысқақ Түзелбайұлы ел Президенті Қ.Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтіп жатқан бұл басқосуға қонақтарды оқушылар үлгі-өнеге алсын деп, ел тәуелсіздігі күніне орай шақырғанын тілге тиек етті. Өнер адамдарын ардақтап, олардың дарын-қабілеттерін ұрпаққа үлгі ететінін айтты.

Оқушылар ақын ағалары Жарас Сәрсек пен Бақыт Беделханның өлеңдерін жатқа айтты. Патриоттық, жақсы адамдар жайлы әндерді шырқап, өздері жазған өлеңдерін оқыды. Тарихи оқиғалардан сахналық қойылымдар көрсетіп, қабілеттілігімен жұртты тәнті етті.

Ақын Жарас Сәрсек оқушыларға риза болып, ақ тілегін айтып, мектеп кітапханасын байытып, өзінің бірнеше кітаптарын сыйға тартты. Ауған соғысының ардагерлері де өз бастарынан кешкен оқиғаларын әңгімелеп, кейінгі жастар ондай қиын кезеңдерді көрмей, бақытты өмір сүрулеріне, елдің келешегі өз қолдарында екенін айтып, сенім артты. Қонақтар оқушылар қойған түрлі сұрақтарға жауап берді. Байдәулет Дәркенбай облыстық қоғамдық бірлестік атынан көптеген ұстаздарды, желтоқсан оқиғасының куәгерлері болған медицина кызметкерлері Айгүл Имашева мен Мәншүк Құрманованы медальдармен, ал бірнеше оқушыны алғыс хаттармен марапаттады.

Жиынды қорытындылап,  ауданның құрметті азаматы, аталған мектепті ұзақ жыл басқарған ұлағатты ұстаз Мәукен Әсенов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Байұзақов сөз сөйледі. Барша жиылған қауымды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Соңынан естелік суретке түсті. Мерекелік дастархан жайылды. «Жақын болсаң жаның көп» деген сөз осындай елге сыйлы, өнегелі адамдарға айтылса керек.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 1855 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет