Бейсенбі, 22 Ақпан 2024 15:12

Тың серпінмен өзгеріске

Жуырда «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVІ конференциясы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асыл Байтулақов қатысты. Конференцияның модераторы, аудандық партия төрағасы Бағдат Рахимов конференцияның өту тәртібімен, көтерілетін мәселелермен таныстырды. Ауқымды шарадан делегат емес аудандық мекеме, этно-мәдени орталықтардан және үкіметтік емес ұйым өкілдері мен «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері де қалыс қалған жоқ.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы баяндау үшін аудан әкімінің міндетін атқарушы Ертай Нұрмахановқа сөз берілді. 2023 жылы аудан көлемінде негізгі 7 бағыт бойынша нақты атқарылған шаруаларға тоқталған Ертай Нұрмаханов өз кезегінде:

– 2023 жылы ауданға 38,9 млрд теңге салық түсті, 2022 жылмен салыстырғанда 8,4 млрд теңгеге артық. Ағымдағы жылы салықтық түсімдер көлемінің жоспары 50,3 млрд.теңге, осы орайда ауылдық округ әкімдері жоспарды орындау мақсатында жұмыс жүргізуі қажет – деді.

Ертай Нұрмахановтың мәліметінше, «Жаңа инвестициялық кезеңді бастау» бағытында да оң өзгерістер бар. 2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 83,9 млрд теңгені құраған. Ағымдағы жылы ауқымды 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 88 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады деп күтілуде.

Өндіріс саласы да көңілге қонымды цифр-лармен өрнектелді. 2023 жылы өндірілген өнім көлемі 88 млрд 462,4 млн теңгені құраған.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану бағыты өз қарқынын жоймаған. Ауыл шарушылығының жалпы өнімі 195 млрд теңгені құраған. Айталық, 2023 жылы ауыл шаруашылығы мен балық өсіру шаруашылығында 8 жоба іске асырылған. 2,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 74 жұмыс орны құрылған. Ауыл шаруа-шылығының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2023 жылы 2,6 млрд теңгеге 141 техника алынған. Ауданымыз ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдыңғы қатарда тұрғаны белгілі. Сол себепті бұл бағытта көптеген көлемді істер атқарылып жатқанынан хабардар болдық.

Электр қуаты, жылу, су, жалпы тиімді коммуналдық шарушылық – басты игілігіміз екені белгілі. Осы орайда ауданымыздың 7 елді мекеніне яғни Қызылжар, Нұра, Бәйдібек би, Ащыбұлақ, Рахат, Шелек, Қазақстан ауылдық округтерінде сумен қамту жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек биылғы жылы Есік қаласы, Түрген, Әймен, Қарасай, Өрікті, Бөлек су құбырларын жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұдан бөлек жаңаруды қажет ететін бірнеше ауылдардың тізімі аталып, құжаттар әзірленіп жатқаны мәлімденді. Газбен қамту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес, алдағы уақытта аудан тұрғындарын бұл мәселеде жағымды жаңалықтар күтіп тұр.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары көлік логистикасы, әлеуметтік сала, білім, денсаулық сақтау салалары бойынша 2023 жылда атқарылған және жоспарланған істер бойынша толық баяндады.

Конференцияда жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қымбат Дәуке, Қазақстан бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Мұхит Дунгешов, Малыбай бастауыш партия ұйымының төрағасы Разиям Таждинова, Ақши бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлмира Жанпейісова атқарылған жұмыстар жөнінде баяндамаларын оқыды.

Конференция соңында аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов партияластарын белсенділікке шақырды.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1571 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет