Бейсенбі, 18 Сәуір 2024 14:37

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылдық округінің әкіміне үміткер Бектасов Мәди Мәдиярұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Малыбай  ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың 7 мамырында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келдім. 1988-1999 жылдар арасында М.Мәметова атындағы орта мектебін бітіріп, 2001-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Дарын» Әлеуметтік гуманитарлық институтын тәмамдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алдым.

2005-2007 жылдары аралығында Шелек ауылындағы Т.Кенжебаев атындағы орта мектепте мұғалім, 2007-2008 жылдары М.Мәметова атындағы орта мектепте мұғалім, 2008-2010 жылдары «Малыбай селолық округі әкімінің аппараты» ММ-де жетекші маман, бас маман, 2010-2011 жылдары «Шелек селолық округі әкімінің аппараты» ММ-де жетекші маман, 2011-2013 жылдары Шелек тарихи-өлкетану музейінің директоры, 2013-2014 жылдары «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бас маман болып жұмыс істеп, 2014 жылы Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары болып тағайындалдым. Қазіргі уақытта Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атақарамын. Алдағы уақытта  ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып ауылдың бүгінгі күн тәртібіндегі  мәселелерін шешуге барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыс жасаймын. Мен болашақта ауылымыздың көркеюіне және халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін атсалысамын. Маған дауыс беріңіз, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімді саламын!

 

 

Мені ауылдық округ əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

 

– Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын;

– Малыбай ауылдық округінің көркеюіне, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын; 

– Ауыл шаруашылық жерлерді (егістік, шабындық, жайылым т.б) ұтымды пайдалануды, иесі бар, игерілмей жатқан жерлермен, бос иесіз жерлерді игеріп айналымға қосуды ұйымдастырамын;

– Егістіктер мен бау-бақшаларға суды үнемдеп суару технологияларын іске асыруды қолға аламын;

– Ауыл тұрғындарының сапалы ауызсумен қамтылуына;

– Ауыл тұрғындарының бағымындағы мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстарын жандандыруға;

– Малыбай ауылдық округінің көшелерін жөндеуден өткізу мен көпірлер салуға, түнгі жарықтандыруға;

– Электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстарына;

– Ауылымызды абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;

– Малыбай орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге, шағын спорт кешенінің, жергілікті әкімшілік ғимаратының, ветеринарлық және полиция пунктерінің салынуына;

– «Көктерекке» елді мекен мәртебесін алуға;

– Жастардың тұрақты жұмысқа орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге;

– Жастарға жол ашамыз! Жастар – ел болашағы! Біз халқымыздың бай, рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек! Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы! Сол себепті Жастар саясатын қауқарлы жүзеге асыруға;

– Ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтудың негізгі бір діңгегі – шағын және орта  кәсіпкерлікті дамытуға және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздықты жоюға атсалысып, кәсіпкерлікті дамытуға;

– Еліміздегі саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және дін аралық келісімнің нығаюына;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитті қалыптастыруға;

– Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға;

– Тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында округ аймағынан жасанды спорт алаңдарын салуға, сонымен қатар спорттық-бұқаралық іс шаралар мен жарыстар өткізуге бар күш-жігерімді жұмсаймын.

 

Мен əрқашан байланыстамын!            

Тел / WhatsApp: + 7 771 445 09 82

Құрметпен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы

Оқылды 611 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 04, 2026

9. Конституциялық өзгерістер…

Конституциялық өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жол ашады. Бұл…
Ақп 04, 2026

7. Жаңа Конституция заң үстемдігін…

Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, барлық азаматтың заң алдында тең екенін нақты…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Конституциялық реформалар әлеуметтік мемлекет қағидатын нақтылай түсті. Мемлекет…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Жаңа Конституция әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды.…
Ақп 04, 2026

4. Реформалар адам құқықтарын…

Реформалар адам құқықтарын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция билік тармақтары…

Жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ерекше мән береді.…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституцияға енгізілген…

Жаңа Конституцияға енгізілген реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет