Бейсенбі, 18 Сәуір 2024 14:40

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылдық округінің әкіміне кандидат ӘЛІМЖАН Жасұлан Сәбитұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша тәмамдадым.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2014 жылы Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушыдан бастадым. 2015 жылдан 2023 жылға дейін аталған округте бас маман болдым. Қазіргі таңда Рахат ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарудамын.

 

Құрметті Малыбай ауылдық округінің тұрғындары!

 

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қабылдап, қарапайым халықты мемлекеттік басқару ісіне тарту қажеттігін айтты. Осы орайда, мемлекеттік қызметтегі тәжірибеме сүйене отырып, Малыбай ауылындағы өзекті мәселелерді жергілікті қауымдастықпен бірлесе отырып шешуге бар күшімді саламын.

Президент ұстанған қоғамдық татулықпен тұрақтылықты көздеген саяси бағыт Жаңа Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы қарқынды дамыған елге айналуға өз септігін тигізеді деген ұстанымдамын.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

 

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Малыбай ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне маңызды мәселелерін  белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты  тарту;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту  үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

– «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;

– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

– Ауылдық округтің санитарлық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың  ішкі автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;

– Халықтың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын  тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу, округ тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.

Менің Малыбай ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлау алды бағдарламам сіздермен бірлесе округ өміріндегі маңызды мәселерді шешуге мүмкіндік беретініне  сенімім мол.

Оқылды 461 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет