Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 11:46

Үздіктер марапатталды

Тазалық – саулық кепілі. Осы орайда тазалықты ұран етіп, саулықты насихаттайтын Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауданымызда қорытындыланды. Жамбыл атындағы жастар саябағында өткен тазалық акциясының жабылу салтанатына аудан әкімі Талғат Байеділов қатысып, игі науқанға белсене қатысқандарға алғыс айтып, марапаттады.

– Баршаңызға белгілі, ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын. Науқан 5 аптаға созылып, әр аптаның өзіндік тақырыбы мен мақсаты болды.  Ауданымызда экологиялық акция аясында 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында кең көлемде тазалық шаралары жүргізілді. «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұ-лақ» апталықтарында 728 іс-шара өтіп, оған жалпы 40 мыңға жуық адам қатысты. Акция қорытындысы бойынша аудан аумағында 7 320 түп ағаш отырғызылды. Сон-дай-ақ, 187 тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 47 400 шаршы метр саябақтар аумағы ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 3 500-ден астам жеке үйлердің және 1 151 әлеуметтік нысандардың аумағы тазаланып, Есік қаласы мен ауылдық округтердегі су, өзен бойларында сенбіліктер өтті. Нәтижесінде 3 059 тонна қоқыс шығарылды. Халқымызда «Ауылына қарап, азаматын таны» деген жақсы сөз бар. Міне, біз бірнеше аптадан бері ауданымызды тазартып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлігімізді дәлелдедік. Таза-лық – тазаланған жерде емес, айналаны таза ұстаған кезде ғана болады, – деп аудан әкімі Талғат Ескендірұлы қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, аудан басшысы экологиялық акцияны қорытындылап, округтер мен мекемелерді марапаттады. «Ең таза ауылдық округ» номинациясымен Қаратұрық, Саймасай ауылдық округтері мен Есік қаласы марапатталды. «Ең таза ауыл» номинациясына Қ.Ұлтарақов ауылы мен Ақши ауылы лайық деп танылды. «Ең үздік мекеме» номинация-сы «Голд продукт» кәсіпорны мен Шелек политехникалық колледжіне бұйырды. Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген, Есік филиал-дары «Ең үздік ұжым» атанды.

Сондай-ақ, акцияға атсалысқандарға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары өнер көрсетті.

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 708 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 04, 2026

9. Конституциялық өзгерістер…

Конституциялық өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жол ашады. Бұл…
Ақп 04, 2026

7. Жаңа Конституция заң үстемдігін…

Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, барлық азаматтың заң алдында тең екенін нақты…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Конституциялық реформалар әлеуметтік мемлекет қағидатын нақтылай түсті. Мемлекет…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Жаңа Конституция әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды.…
Ақп 04, 2026

4. Реформалар адам құқықтарын…

Реформалар адам құқықтарын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция билік тармақтары…

Жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ерекше мән береді.…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституцияға енгізілген…

Жаңа Конституцияға енгізілген реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет