Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 11:51

Жүз жылдығын бұрын ойлаған елдің болашағы жарқын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өткен III Ұлттық құрылтай отырысында көтерілген мәселелердің бүгінгі таңда қоғам арасында қызу талқыға ие болып жатқандығы мәлім.

Мемлекет басшысы атап өткендей алдыңғы екі отырыста елімізді дамы-туға қатысты маңызды бас-тамалар көтерілді. Оның біразы орындалды. Жалпы, өзгерістер барлық салада болып жатыр. Осы жолғы алқалы жиында да халықтың ойында жүрген өзекті мәселелерге және көптеген қоғамда болып жатқан жайттарға арнайы назар аударылып, біраз ұсыныстар айтылғанын жақсы белеміз.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда қоғамдық консолидация және жалпыұлттық құндылықтарды одан әрі дамыту жайына ба-сымдық берді. Сондықтан да, Президент айтқан негізгі бағыттарға тоқтала отырып, өз пікіріммен бөлісуді жөн санадым.

Ең бірінші сөз болған мәселе – тарихи танымызды ортақ мақсатқа ұйыстыру мен береке-бірлігімізді сақтаудағы зиялы қауым өкілдерінің орны мен ауызбіршілігі. Ұлттың дамуының әр кезеңіне сай зиялы қауым да түрлі миссияны жүзеге асыруды мақсат етіп қояды. Зиялы қауымы жоқ қоғам – болашағы жоқ қоғам. Ал бұл қазір оңай емес. Бұл тұрғыдан жіберіп жатқан кемшіл тұстарымыз көп екендігін мойындау керек. Демек, қоғамда «Аталы сөзге тоқтау» мәселесі орнығуға тиіс.

Елдің идеологиясы мықты болса, адамдардың өмір сүру сапасының жақсаруына себепші болады. Егер олар-дың тұрмыс деңгейі жоғары болса, әр азаматтың ынталы түрде жұмыс істеп, ел экономикасының көтерілуіне ықпал ететіні анық. Содан болар келелі жиын «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты аса маңызды үш тағанға сүйенген тақырыпта өтті.

Бұдан бөлек жалпақ тілмен айтқанда жөнсіз ескерткіш салмау, ономас-тика саласын  жетілдіру, қазақ тілінің қолдану аясын күшейту, кітапханаларды жаңғырту, бай тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, ұлттық бірегейлігімізді нығайту, дәстүрлі дінге ден қою, дәстүрлі отбасы құндылықтарын табанды түрде орнықтыру, мемлекеттік рәміздерге қатысты түрлі көзқарас пен пікірлерді ескере отырып жаңғырту, сондай-ақ қазіргі қоғам-ның, соның ішінде жастардың дертіне айналып, ушығып бара жатқан нашақорлыққа, өзге де синтетикалық заттарды қолдануға, лудоманияға қатысты жұмыстарды күшейту, қазіргі уақыттағы қатерлі үрдістер – тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессияға, вандализмге бағытталған шараларды күшейту, азаматтардың арасында мәдениеттілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға көңіл бөлуге шақырды.                                 

Ұлттық құрылтайда тек мәдени-гуманитарлық және идеологиялық бағдарлар сөз болған жоқ, онда  халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қажетті экономикалық сипаттағы міндеттердің бағдары айқындалды.

Атап айтқанда, инфрақұрылымды, инженерлік жүйелерді жаңғырту, баспана мәселесін шешу, жол салу және оны жөндеу жұмыстары, газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыру, экономиканы дәйекті дамыту үшін еліміздің бәсекедегі артықшылықтарын түгел пайдалану, IT-технологияларды дамыту, бюджет қаржысын үнемдеу мәселелеріне ерекше тоқталып, экономикалық көрсеткіштердің негізгі факторы – адам капиталын дамыту жайын саралады.

«Жүз жылдығын бұрын ойлаған елдің болашағы жарқын болады» дейді, еліміздің алдында тұрған жаңа міндеттер мен мақсаттарға жету жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.

Өркениетті елдерде адамның басы мен ісіне қарайды дейді, осы тұста, Ыбырай Алтынсариннің «Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыс десе, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, ....қолыңызға ерік беріңіз» деген сөзі есіме түсіп отыр.

Олай болса, алдағы асулар мен белестерді бағындыру тек өз қолымызда екендігін ұмытпайық.

Бекет АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы.

 

Оқылды 773 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет