Бейсенбі, 22 Тамыз 2024 12:04

350 оқушыға мектепке қажетті заттар табысталды

«Баланы мектепке дайындайық!» республикалық акциясы аясында «AMANAT» партиясының мүшелері 350-ге жуық баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп

формасымен қамтамасыз етті.

Игі шара партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында өтіп жатыр. Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке даярлауға қолдау көрсету.

Акцияның алғашқы күні Қонаев қаласында өтті. Бұл күні «AMANAT» партиясының мүшелері 45 балаға мектеп формасын, оқулықтарды, сөмкелерді және кеңсе тауарларын табыстады.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакуповтың айтуынша, мұндай игі шаралар облыстың барлық аудандарында жалғасын табуда.

– Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Бұл қайырымдылық акциясы бір рет қана өткізілетін іс-шара емес, өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның ауқымды жүйелі жұмысының бір бөлігі. Мәселен, бес күн ішінде фракция мүшелері 16 млн теңгеден аса сомаға 350-ге жуық баланы мектепке даярладық. Науқан соңына дейін 1 200 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз, – деді Ерлан Жакупов.

Айта кету керек, партиялықтар жаңа оқу жылына дейін мұндай шараны бірнеше мәрте ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған мәсли-хаттардағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция мүшелері атсалысуда.

Мәди САЙДІЛДИН,

«AMANAT» партиясы

Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Оқылды 733 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет