Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024 10:37

Аюды «тәртіпке» үйреткен таяқ

Елімізде мемлекет басшылығының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр.  Астанадағы басқарушы органдардан бастап, облыс, аудан, ауыл-қала әкиматтары қызметкерлері, мекемелер ұжымдары галстуктерін шешіп тастап, қолдарына сыпыртқысын алып тұрмыстық қалдықтар аталған бос шөлмек, пластик пакеттер дейсіңбе, темекі тұқылдары, темекі қорапшалары дейсіңбе сыпырып-сыйырып тазартып жатыр.

Ал көше бойларын, демалыс аумақтарын, өзен жағалауларын ластап жатқан кімдер? Өзіміздің тұрғындар әрине. Жуырда бір танысым КВН-ге лайық сұрақ қойды маған. Бағдаршамның қызыл «көзі» жанғанда тоқтай қалған автокөліктің жүргізуші жақ есігі неге ашылады? Бұл сұраққа жауап бере алмаған соң менің «сауатымды» былай деп ашты: «Ол автожүргізуші насыбай деген пәлені шегеді де, тоқтаған жерінде түкіріп, ерніндегі былықты түсіріп тастау үшін есігін ашады» деп мені таң қалдырды. Өзен бойына, қаламыздың мөлтек аудандарындағы алаңдарына балаларға әткеншек, жастарға спорт құрылғыларын қою жалғасып жатыр. Ал бұрынырақ қойылған сол құрылғылар қиратылып, демалыс аумақтары ластанып жатқанын көзімізбен көріп тұрып неге  үн-түнсіз өте шығамыз?! Неге басбұзарға қой, тәртіп бұзба, өздеріңе арналған дүниені бүлдірме деп айта алмаймыз?

Мына суреттегі қоқыс жәшігін моторолер мінген азамат қопарып ішіндегі сыра, сусын қалбырларын теріп алып аяғымен жаншып дорбасына салды да, шашылған қоқысты, сындырған есігін қалдырып жүре бергені ғой..

Елімізді, қаламызды таза ұстауға шақырып, үлгі көрсетудей- ақпыз. Бастаманы қолдаушылар аз емес. Ал отырған жерін, қоғамдық орындарды ластаушылар қабылдан-ған тазалық ережелерін сақтамаса үгіттеуден гөрі айыппұл салумен басқа да заң талаптарын қолданып тәртіпке шақырған абзал болар.

 

Х.АХМЕТЖАНОВ.

Оқылды 455 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет