Жазып та көрдім мен де өлең,
Жазып та көрдім, қара сөз.
Ерте ме, кешпе, мен де өлем,
Өлмейді тек дана сөз, –
деп жазған балалар әдебиетінің классигі, ақын,
жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 100 жыл. Аспанда көпжұлдыз болғанымен, шоқжұлдызы сирек. Әдебиет айдынындағы шоқ жұлдыз секілді дара жазушының бірегейі, жазиралы қазақ даласының жұпар исін аңқытып, ауылдың ғажайып көрінісі мен тыныс-тіршілігін, топырағында аунап өскен бала Қожаның
боямасыз өмірін тап басып
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақ-баев 1924 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қостөбе ауылында дүниеге келген. Орта мектепті де сол ауылда бітірді. Кішкентайынан қайсар да ыждаһатты бала кедей отбасында тәрбиеленді. Бала Бердібек анасынан 8 жасында айырылды және бұл қайғы оның өмірінің соңына дейін үлкен соққы болды. Бердібекті білім атты теңізге ағасы Сатылған әкелді, ол оның білімге деген сүйіспеншілігін тудырды. Алайда, ағасы соғыс кезінде қайтыс болып, дүниеден ерте озды. Анасынан ерте айырылған Соқпақбаев бала кезінде көп қиындық көрді, аштық пен ауыр еңбектің, қиындықтың тауқыметіне ұшырады. Дегенмен, ол өте білікті және қабілетті бала болып өсті. Өз ортасының алды болған бозбала мектеп бітіргеннен кейін әскерге барып, кейіннен Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына оқуға түседі. Оның әскерден кейінгі өмірі осылайша Алматыда білім алумен жалғасты. Институтты бітіргеннен кейін Мәскеудегі жоғары әдеби курстарын тәмамдады.Таулы ауылдан шыққан қазақ баласы журналистикамен көп айналысты, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» газет-журналдарының редакциясында жұмыс істеді. Сондай-ақ, киностудияда да қызмет етіп, өзінің туған ауда-нындағы мектептерде мұғалім болды. Ол үнемі балаларды тәрбиелеудің күрделі мәселелеріне алаңдады. Бердібек Соқпақбаев – білікті мұғалім, тәрбиеші. Содан болар бұл жағдай оның шығармаларының тақырыбын алдын-ала анықтап берді. Соқпақбаев Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша кеңесші болып жұмыс істеді. Ең алдымен ол балалар жазушысы. Балалық пен жастық оның барлық кітаптарының негізі. Шығармалары негізінен автобиография болып табылады. Бірақ, жазушысының балалық шағы уайымсыз болмады. Болашақ жазушы кедей отбасынан болғандықтан, балалық шағында көп қиындық көрді.
Бердібек Соқпақбаев шығармашы-лық қызметін ақын ретінде бастады. 1950 жылы оның «Бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Авторлық сезімдердің ерекше сенімділігі мен шынайылығымен ерекшеленген жинақ бірден өз оқыр-мандарын тапты. Жазушының тарихы күрделі емес, бірақ қазақ ауылының өмірі мен тіршілігінің көлемді бейнесі суреттелген «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Өзім туралы» повестері тек жасөспірімдердің ғана емес, сондай-ақ ересек қазақ оқырмандардың да жүрегінен орын тапты. Бұл таңқаларлық жайт емес. Өйткені, жазушының кітаптарында тәрбиелік мәні бар көсем сөздер мен тентек және күлкілі кейіпкерлер өмір сүреді. Ал кітапты оқығанда олардың жетістіктеріне қуанбау, қиындықтары-на көңіл бөлмеу, оларды сүймеу мүм-кін емес. Жазушы өз кейіпкерлерін ежелгі фольклорлық кейіпкерлердің ерекшеліктерімен бейнелегендіктен, оқырмандар оның шығармаларын таңданып, қызыға оқиды.
Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Соқпақбаев «Менің атым Қожа» атты повестің арқасында танымал болды. Бұл туынды «Детская литература» баспасында шығып, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, Франция, Польша, Чехословакия, Болгария секілді шетелдерде жарияланды. Тек содан кейін ғана бұл шығарма өз отанына оралып, байырғы қазақ тілді оқырмандардың жүрегінен ойып орын алды. Тіпті, бұл повесть бойынша «Қазақфильм» киностудия-сында көркем фильм түсіріліп, 1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Жазушы дәл осы ерекше әңгіменің арқасында танымал болды. Повестің басты кейіпкері – Қожа арманшыл, сотқар бала. Тентектігімен үнемі түрлі жағдай-ларға тап болып жүретін Қожа ақыл-ойы мен біліктілігінің арқасында қиындықтардан шыға алды. Ол бі-реудің қайғы-қасіретіне көз жұма қарамайтын елгезек, жоғары әді-леттілік сезіміне ие, досқа адал, қайырымды, зұлымдыққа жол бер-мейтін бала. Ал осы қасиеттердің барлығы оқырмандардың жүрегінен мейірімділік тудырып, Қожа батыр бала атанды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б. Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебі-рене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады..
Жазушының 1960 жылы жарық көрген «Балалық шаққа саяхат» атты тағы бір повесті қазақ балалар әдебиетінің асыл мұрасына айналды. 1930 жылдардағы кішкентай кейіпкердің тағдыры арқылы өтетін повесть сол уақыттағы оқиғаларды және қазақ халқының қиын өмірін еш боямасыз көрсетеді. Соқпақбаев бұл шығармасында балалық шағын қызықты етіп әңгімелейді. Соның арқасында оқырман сол дәуірдің шынайы тарихи шындықтарын көре алды. Сондай-ақ, жазушы «Өлгендер қайтып келмейді» романында өмір жолында алдынан шыққан барлық қиындықтарды еңсерген табанды, батыл жас жігіттің өмірін және мінезінің қалыптасуын көрсетеді. Романның әрбір бетінде сол уақытқа тән өмір ұшқындары кездеседі.
Соқпақбаевтың көптеген шығарма-лары жас оқырмандарға арнап жазыл-ған. Адамның әрбір кезеңі оның шынайы қуанышына толы. Осы тұрғыдан алғанда, қаладан атасына келіп, басынан қызықты ауыл өмірін өткерген қалалық қыз туралы «Аяжан» атты әңгімесі шынайы қызығушылық тудырады.
Жазушының кейінгі шығармалары-ның ішінде махаббат, сұлулық тақыры-бына арналған «Қайдасың, Гаухар?» атты тамаша әңгімесі бар.
Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылы-ғының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғаны сезіледі. Жазушының бейнелеу қабілеті өте бай. Ол өз кейіпкерлерінің портретін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлетеді. Кейіпкердің ішкі күйзелісі мен ой-пікірлері жазушының басты көркемдік әдісі болып табылады.
Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көр-некті жазушы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына Отан ал-дындағы борышын өтеп келгеннен кейін түсіп, оны 1949 жылы аяқтады. Содан кейін Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Институт бітірген соң Бердібек Бәшен атты қызға үйленді. Аз уақыттан кейін ол шәкірт тәрбиелеуге ден қойған. Еңбек жолын өзінің туған өлкесі Нарынқолда бастады. Біраз жыл ауыл мектебінде ұстаздық етті. Балалармен бірге жұмыс істегені оның балалар әдебиетіне тың сер-піліс әкелуіне ықпалын тигізді. Шы-ғармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастады. Олар «Лениншіл жас», «Қазақ пионері», «Пионер» журналдарында басылып тұрды. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған.
Күшігім менің саққұлақ,
Келеді әне шапқылап,
Сақтығыңды көрейін,
Қойшы атайға берейін, – деген мектеп оқулықтарындағы өлеңнің авторы да Соқпақбаев.
Содан кейін Алматыға әдеби ортаға келеді. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында тартымды мақала, әңгіме жазды. Бердібек Соқпақбаев өлеңнен прозаға ауысты, сол екі қасиет біріге келе сценарий жазатын болған. Қазақ кино өнерінің алтын қорына енген «Менің атым Қожа» фильмінің сценарийін жазды. 1963 жылы экранға шыққан бұл туынды қазақ кино өнерінің бойтұмарына айналды. Кейіннен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып жұмыс істеді.
Бердібек Соқпақбаевтың шығар-маларының шет тілдерге аударылуына елеулі үлес қосып жүргендердің бірі – қаламгердің қызы Самал Соқ-пақбаева. Тегіне тартып, елдің аударма ісіне еңбек сіңірді. Бердібек Соқпақбаевтың талай шығармасын орыс тіліне аударды.
«Менің атым Қожа» повесін әкем-нің көзі тірісінде аударып, өзіне көрсеттім. Бұл менің шығармашылық жұмысымның алдыңғы қатарында болған жұмыс. Әкем аударманы ұна-тып, жазған еңбегімді қабылдады. «Балам, шығармашылық жолмен жүре бер, қолыңнан біраз нәрсе келеді» деген әкемнің лебізі бар», – дейді Соқпақбаева.
Ақын және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин жазушының әде-биеттегі орны жөнінде былай дейді: «Бердібек Соқпақбаев – қайталанбас өзіне ғана тән болмыс-бітімі бөлек қалам иесі. Сондықтан болар, көзі тірісінде шығармалары 70-ке тарта әлем тілдеріне аударылған, «Менің атым – Қожа» фильмі арқылы қазақ-тың киносын, қазақтың прозасын жарты әлемге танытқан ұлы суреткер. Халықтың махаббатына бөленген қаламгер. Оның қаламынан туған «Менің атым – Қожа», «Жекпе жегі», «Қайдасың, Гауһары?», «Өлгендер қайтып кел-мейді» атты мықты романы сол дәуірдің кесек кеңістігін қаламынан қанын ағызып жазған батыл, батыр шығармалары болатын. Жазушы Соқпақбаев шығармаларына деген сұраныстың салмағын байқатса керек», – дейді ақын.
Бердібек Соқпақбаев шығармасы-на арқау болған ауыл тақырыбын өскелең ұрпақ арқылы суреттеуі ғажап. Оны Қожа сияқты ұрпақтарсыз елестету әсте мүмкін емес, ол ұрпақ бүгін ержетті. Егер сол ұрпақтың қанында ауылға деген махаббаты мен табанының таңбасы жатпаса, бүгінгі ортаға қазақ болып сіңіп кете ме, жоқ па, кім біледі? Міне, осындай дүниелер бүгінде күн тәртібінде тұр. Ұлттың рухани құндылығын ұрпақ бойына Соқпақбаевтай сіңірсек, сонда ғана жан-жағына адал, бауырмал, шыншыл азаматтар тәрбиеленеді», – дейді Қазақстанның халық әртісі Досқан Жолжақсынов.
Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылы-ғының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғаны сезіледі. Жазушының бейнелеу қабілеті өте бай. Ол өз кейіпкерлерінің портетін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлетеді. Кейіпкердің ішкі күйзелісі мен ой-пікірлері жазушының басты көркемдік әдісі болып табылады.Бердібек Соқпақбаев тірі кезінде-ақ қазақ балалар әдебиетінің классигі деп аталып кетті. Оның кітаптары ешқашан кітапхана мен дүкен сөрелерінде шаң басып жатқан емес. Жазушының шығармаларын балалар мен ересектер де асыға күтетін. Соқпақбаевтың кітаптарын барлық жастағы оқырмандар мен ұрпақ сүйіп оқитыны белгілі. Өлді деуге бола ма?, өлмейтұғын артына із қалдырған демекші келер ұрпақтарына өшпес мұра қалдырған жазушының есімі ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.