Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024 10:57

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ

Жақында Алматы облыстық орталығының «Тіл»  оқу- әдістемелік орталығының  Шелек ауылдық огругі филиалына берген тапсырмасына орай,  осы ауылға қарасты мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен  «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты семинар ұйымдастырылды. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру – семинардың басты мақсаты болды.

Қазақтың қайраткер ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтпақшы. «Ана тілі – бойдағы қанның, қиылған жанның, толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы. Онда дәм де, мән де болуы керек». Өйткені, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы – өте бай, көсіліп сөйлеуге орамды, көркем тілі арқылы өнер-білімді, мәдениетті, қоғамның белсенді азаматы болуды  үйретеді. Алайда, қазақ тілі – тек қазақ халқының ғана емес, Қазақстанда өмір сүретін өзге ұлттар үшін де ортақ тіл. Елімізде тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын  өзге ұлттарға да мемлекеттік тілді білу, қастерлеу азаматтық борышы.

Семинарда А. Розыбақиев атындағы мектептің мұғалімі Айнура Масумова «Мемле-кеттік тіл – менің тілім» тақы-рыбы бойынша баяндама жасап, мемлекеттік тіл барша қазақстандықтар үшін ортақ, сөзі шұрайлы, тілі те-геурінді, Абайдай дана ұлы әрлеген, Жамбылдай жарқын ұлы жырлаған қазақ тілі – Қазақстан деген Мәңгілік елдің Мәңгі тілі екенін  өз сөзіне арқау етті. Ал, Гимназияның мұғалімі Паридам Илиева «Тіл – ұлттың жаны», сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы оқу орнының оқытушысы Салия Кулешова «Тіл – тәрбие бастауы» тақырыбында баяндама оқып, қазақ тілі – осы халықтың ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар кемел тіл ретінде де танымал екендігіне, сондай-ақ, мемлекеттік тіл сол елдің тыныс тіршілігі, келешек ұрпақты мемлекеттік тілді жетік біліп, қастерлейтін халықтық қазына екендігіне тоқталды.

Семинар соңында облыс-тық орталықтың «тіл» оқу-әдістемелік орталығының Шелектегі филиалының жетек-шісі Балжан Ахметова тіл үйрену туралы жұмысы жайлы тоқталып, жиынды қорытын-дылады.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 329 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Көпірді кім ұрлаған?» ЛУДОМАНИЯ – ҚОҒАМ ДЕРТІ »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет