Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 10:34

Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Сейтбекқызы биылғы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады.

2024 жылдың басынан бері 325 тарифтік өтінім қаралып, оның 204-і талаптарға сәйкес болмағандықтан қабылданбады. Соған қарамастан, 55 жаңа тариф бекітіліп, тұрғындарға 117 миллион теңге қайтарылды. Сонымен қатар, жылу есептегіш аспаптары жоқ тұтынушыларға 18 миллион теңге өтелген.

Тарифтерді есептеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Енді су аз пайдаланылса, төлем де аз болады. Мәселен, айына 3 текше метрге дейін су пайдаланатындар ең төменгі тарифпен төлейді, ал 3-тен 5 текше метрге дейінгі тұтынушылар 20%-ға жоғары тарифпен есептеседі. Егер тұтыну көлемі 5-тен 10 текше метрге дейін болса, тариф 50%-ға артады. 10 текше метрден асатын жағдайда ең жоғары тариф қолданылады. Бұл жүйе отбасыларды ресурстарды үнемдеуге ынталандырады.

Сонымен қатар, тарифтік өзгерістер инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 2024 жылы басталған жобалар аясында желілер жаңартылып, қызмет сапасы артуда. Жиналған қаражат жаңа жабдықтар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалып, желілердің тозуы азайтылып жатыр.

"Тарифтік өзгерістер тек бағаны реттеуге ғана емес, сонымен қатар қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Инвестицияларды тиімді пайдалану арқылы біз инфрақұрылымды жаңартып, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттырамыз,"– деп атап өтті Гүлмира Сейтбекқызы.

Оқылды 320 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет