Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 10:24

Алматы облысында "Ауыл олимпиадасы" басталды

Алматы облысында ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларға арналған "Ауыл олимпиадасы" бастау алды.
Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл білім бәйгесі ауыл мектептерінде оқитын балаларға үлкен мүмкіндіктер ұсынып, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.

"Бұл олимпиада ауылдық жерлердегі дарынды балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер ұсынып, олардың болашақтағы жетістіктеріне жол ашады. Жеңімпаздар еліміздің үздік мектептерінде білім алуға жолдама, сондай-ақ жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алуға мүмкіндік алады. Бұл жоба ауыл мен қала арасындағы білім беру деңгейіндегі алшақтықты жоюға бағытталған", – деді "Жас дарын" облыстық ғылыми-практикалық орталығының директоры Диана Тетенқызы.

Спикердің айтуынша, өткен жылы Алматы облысынан 8685 оқушы олимпиадаға қатысып, олардың 1240-ы облыстық кезеңге өткен. Нәтижесінде 414 оқушы жеңімпаз атанып, 60-ы республикалық кезеңге жолдама алған. Жаратылыстану-математикалық бағытта 17 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 6 оқушы жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алған.

Биылғы жылы олимпиадаға қатысу үшін 15525 оқушы тіркелген, және алғашқы кезең 25 қыркүйекте онлайн форматта басталды. Қатысушылар өз мектептерінде интернет арқылы тест тапсырып, білімдерін сынауда. Екінші кезең қазан айының соңына дейін, ал үшінші кезең қараша айында облыстық деңгейде өтеді. Соңғы, төртінші кезең республикалық деңгейде 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында өтеді деп жоспарлануда.

"Ауыл олимпиадасы" төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең онлайн форматта, ал келесі кезеңдер өңірлік және республикалық деңгейде офлайн өткізіледі. Олимпиада барысында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша сайыстар өтеді.

Қатысушылардың олимпиадаға дайындалуына көмек ретінде auyl.daryn.kz сайтында өткен жылдардың тест тапсырмалары қолжетімді. Сонымен қатар, олимпиада туралы толық ақпарат алу үшін call-орталық жұмыс істейді.

Оқылды 336 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет