Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 10:22

Үш тұғырлы тіл — уақыт талабы

Тіл – халықтың мәдени байлығы, ұлтымыздың күретамыры. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев

өз жолдауында – қазіргі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне баса назар аударады. Алдағы уақытта туған тіліміздің мәртебесі асқақтап, күшейіп, ұлтаралық қатынас құралына айналатынын жеткізіп, тілге қатысты ұтымды ойын білдіріп келеді. Қазіргі жаһандану заманында бұл мәселе ешқашан өзектілігін жоймайды.

Осы орайда Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылы Бәйте-рек орта мектебінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күні аясында мектеп ішілік «Үш тұғырлы тіл» атты іс-шара аталып  өтті. Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі бірлестігі атсалысты. Мектеп оқушыларының мемлекеттік тілдің құндылығын баса назарда ұстап, өзге тілді құр-меттеуді, әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылатынын айқындау –  шараның негізі мақсаты болды.

Аталған іс-шараның  жос-парына сәйкес  1-11 сынып оқушылары арасында «Ой дода» интелектуалды ойыны, «Ең үздік жас жазушы» сюжеттік шығармалар жарысы, «Қазақтың болашағы-қазақтың тілінде» тақырыбында дөң-гелек үстел, «Жасанды интеллект» дебат ойыны, «Читаем вместе» әдеби марафоны, «My language is-a deposit from centuries» атты куиз, «Polyglot» интеллектуалды ойыны  ұйымдастырылды. Аталған шараның ашылуын оқушылармен қатар қазақ тілі пән мұғалімдері қазақтың ұлттық киімдерін, орыс тілі бірлестігі орыс халқының ұлттық киімдерін киіп, шет тілі бірлестігі де өз пәндерінің символы ретінде арнайы тудың суреті бейнеленген мойын орағаштарын тағып қарсы алды. Алдын ала дайындалған сұрақ-жауап тапсырмалары мен оқушылардың қызығушылығын арттыратын ойындар ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар мен әр ұлттың ұлттық тәттілері үлестірілді.

Қазақ тілі қазақтың мем-лекеттік тілі, орыс тілі ұлт-аралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі әлемдік экономикада септігін тигізетін  тіл болып табылады. Әр баланың бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуы үшін үш тілділік басты рөл атқарады. Білімді ұрпағы бар ұлттың болашағы бұлыңғыр болмайды. Десек те сыншы, публицист Сағат Әшімбаев айтқандай «азаматтықтың алғышарты – ана тіліңді сыйлаудан басталады». Соған сай тілдер мерекесіне арналған шарамыз оқушылардың тілге деген құрметін арттырып, білім ордамыздың татулығында нығайта түскендей.

Бәйтерек ауылы,                                                            «Бәйтерек орта мектебі» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі.

 

Оқылды 333 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет