Сәрсенбі, 02 Қазан 2024 22:20

АЭС салу арқылы экологиялық мәселені шешу көзделген

Қазақстан дүниежүзіндегі атом энергетикасын дамытуға мүмкіндігі бар 27 мемлекеттің арасына қосылған.

Бейнеуде Халықтық штаб мүшелері емхана қызметкерлерімен кездесті

Референдумды қолдау жөніндегі аудандық штаб өкілдері АЭС салудың өзектілігін және де бұл мәселеде әрбір азаматтың пікірінің маңызын түсіндіру мақсатында «Бейнеу көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ МҚК-ның қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Басқосуда штаб төрағасы Назарбек Қадір 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, АЭС салудағы ең маңызды мәселе еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді.

Өз кезегінде Ардақ Бораш мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы бар екенін тілге тиек етсе, Қыдырбек Майланов электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін ашып айтты.

Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселеде халықтың таңдауы мен көзқарасын білу үшін нақты қадамға барып отырғаны да айтылды. Кездесуге қатысушылар ойын ортаға салып, АЭС құрылысының қауіпсіздігі мен тиімділігі төңірегіндегі қауіп-қатерді де алға тартты. Штаб мүшелері барлық сұраққа өз деңгейінде жауап беріп, АЭС салу мәселесінде әрбір азамат өз пікірінше таңдау жасауға құқылы екенін жеткізді.

АЭС салу арқылы экологиялық мәселені шешу көзделген

Денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездескен АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық штабтың өкілдері Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар штаб мүшелері бір жылдан астам уақыт қоғамның талқылауында болып, референдум арқылы шешуге ұсынылған атом электр стансасы мәселесін де талқылап, пікір алмасты.

«Атом энергиясын бейбіт мақсатта Қазақстанның экономикасын дамытуға пайдалану туралы шешімінің арғы жағында еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы, экологиялық мәселелерді шешудің жатқанын ескерген жөн», – деді Республикалық штабтың мүшесі Ерлан Саиров.

Қазақстан дүниежүзіндегі атом энергетикасын дамытуға мүмкіндігі бар 27 мемлекеттің арасына қосылған. 2022 жылдың соңында елімізде уран өндіру көлемі 21,3 мың тоннаны құраса, бұл көрсеткіш Канадада – 7,4 мың тонна, Намибияда – 5,6 мың тонна, Аустралияда – 4,6 мың тонна, Өзбекстанда – 3,3 мың тонна, Ресейде – 2,5 мың тонна, Нигерде – 2 мың тонна, Қытайда – 1,7 мың тонна деңгейінде.

АЭС арқылы энергетикалық тәуелсіздікке, таза экологияға, табысты экономикаға қол жеткізуге болады

Ақтөбе облыстық Халықтық штаб мүшелері «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС-ның жұмысшыларымен кездесіп, АЭС құрылысының энергетикалық, экологиялық маңызы мен артықшылығын түсіндірді.

Облыстық Халықтық штаб мүшесі Кәмшат Тулеуованың айтуынша, АЭС елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

- АЭС елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазір еліміздегі электр энергиясының тапшылығына байланысты біз оны басқа елдерден сатып аламыз. Ол үшін еліміздің бюджетінен жыл сайын 100 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржыны даму мен әлеуметтік қажеттіліктерге бағыттауға болар еді. Біздің мақсатымыз – АЭС арқылы энергетикалық тәуелсіздікке, таза экологияға, табысты экономикаға қол жеткізу, – деді ол.

«Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС-ның жұмысшысы Нұржан Жулаев АЭС салынуын қолдайтынын айтты.

- Мен атом электр стансасының салынуын қолдаймын. Атомдық реакторлар әлемнің дамыған елдерінде сенімді энергия көзі ретінде қолданылып келеді. Елімізде көптеген құрылыс басталып, аяқталмай жатқан жағдай көп кездеседі. Осы орайда  АЭС құрылысының айналасында сыбайлас жемқорлық деректерінің пайда бола ма деп сескенем, – деді ол.

Кездесуге қатысушылар жобаның қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Депутат Ерлан Тілеуқабылов қауіпсіздік мәселесіне байланысты құрылыс халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілетініне сенім білдірді.

- Жобаны іске асыру мен жұмысын бақылау МАГАТЭ халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес реттеледі. МАГАТЭ – ядролық қауіпсіздік стандарттарын жақсартуға, ядролық қаруды таратуды тоқтатуға арналған ұйым. Оның мақсаты – жаһандағы ядролық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау, – деді ол.

 Компания ұжымы энергетикалық тәуелсіздікті қолдайды

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері «Ақорда Капитал» ЖШС-ның ұжымымен кездесіп, АЭС-тің елімізге пайдасы мен тиімділігі турасында пікір алмасты.

Бүгінде елімізде электр энергиясының тапшылығы сезіліп отыр. Бұл оны шамадан тыс пайдаланғаннан туындаған. Сондықтан сарқылмас энергия көзі ретінде атомның тиімділігі дәлелденді. Мәселен, біз 100 миллиард теңгеге жуық қаржыға Ресейден энергия сатып отырмыз. Оның да бағасы нарықтағыдан жоғарырақ. Егер атом стансасы салынар болса, оның қуаттылығы 2400 МВт болады. Бұл шамамен біздің қажеттілігіміздің 6/1 бөлігін өтейді, – деді ұжым қызметкерлерімен тілдесу барысында Халықтық штаб мүшесі, энергетика саласының ардагері Мұхиджан Кәрімбаев.

Ал келешек ұрпақтың энергетикалық тәуелсіз елде өмір сүруі керек екеніне тоқталған штаб мүшесі Мыңжас Нұрлыбек:

- Электр қуаты – ұлттық қауіпсіздіктің ең басты мәселесінің бірі. Себебі оның стратегиялық маңызы бар. Мемлекет басшысының осы мәселені халықтың талқысына салуға мүмкіндік берді. Демек ол халық пен билік арасында сенімді нығайта отырып, бірлесе әрекет етіп жатыр. Сондықтан өскелең ұрпаққа бейбіт, бай, тәуелсіз елді қалдыру үшін біз осы бастан дұрыс таңдау жасауымыз керек, – деді.

Ал штаб мүшесі Ержан Искендер АЭС-тің қауіпсіздігі турасында ақпарат берді.

Кездесуде ұжым тарапы атом станциясының құрылысын кім жүргізетінін, оның пайдасы мен зияны турасында сауалдарын жолдап, өз пікірін айтты. Дегенмен үздіксіз қуаттың кәсіпорын үшін қаншалықты қажет екенін ұғынып тұрған ұжым қызметкерлері энергетикалық тәуелділіктен құтқарар жолдың бірі  АЭС салу екенін құптап отыр. 

Атап өтейік, аталған серіктестік өңіріміздің бренді күріш шаруашылығымен айналысады. 1997 жылы негізі қаланған компания бүгінде өз өнімін шетелге экспорттап жүр.

 АЭС салу болашақ үшін маңызды шешім болмақ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері атом энергетикасының тиімді тұстары мен мемлекет үшін пайдасын талқылау үшін Шығыс Қазақстан облысында болды. Халықтық штаб мүшелері «Шығыс жылу» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Референдум өткізуді Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Əділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуы деп қабылдаған абзал.

«Референдум жарияланған күннен бастап АЭС салуға қатысты азаматтардың сұрақтарына жауап берген көптеген кездесу өтті. Бүгін АЭС салу мәселесінің маңызын сіздермен бірге талқылау үшін осы жерде кездесіп отырмыз. Атом электр станциясы жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандырады. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе өнеркәсіпті дамыту және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды. Сондықтан да баршаңызды мемлекеттің болашағы үшін, ұрпағымыздың келешегі үшін АЭС салу жөніндегі бастаманы бірауыздан қолдауға шақырамын!», – деді Республикалық Халықтық штабтың мүшесі, Мәжіліс депутаты  Ерлан Саиров.

Электр қуатын тұтынудың кейінгі жылдары еселеп артып бара жатқанын, болашақта оған деген тапшылықтың күшейе түсетінін мамандар ескертумен келеді. Сондықтан бұл тұйықтан шығудың бірден-бір жолы атом энергетикасының әлеуетін пайдалану болмақ. Себебі елдегі энергетиканың жетіспеушілігіне байланысты бұл мәселені түбегейлі шешу үшін газ жобаларын қаржыландыруды 17 есе ұлғайтып, салаға 4,3 триллион теңге инвестиция бағыттау қажет деді еңбек ұжымымен кездескен штаб мүшелері.

«АЭС салу мәселесі көтерілгелі атом электр стансасына қатысты ақпараттарды жан-жақты оқып, зерделедім. Әрине, халық арасында түрлі пікір бар. Сондықтан да барынша шынайы, нақты ақпаратқа көз жеткізгім келді. Бүгінге дейін көптеген дамыған ел электр қуатының осы түріне көшу үрдісін бастап кетіпті. Ендеше болашақтағы электр қуатының тапшылығына ұрынбас үшін бізге де АЭС салуды қолға алған дұрыс болар деп түйіндедім. Сіздердің біздің өңірге келіп, тиісті ғалымдармен бірге ақпарат беріп, түсіндіргендеріңіз өте жөн болды деп есептеймін», – дейді қала тұрғыны Александр Черепанов.

Жалпы, Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд кВт/сағатты құрайды деп күтіліп отыр. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр стансалары небәрі 135 млрд кВт/сағатты қамтамасыз ете алады. Бүгінде электр қуатының тапшылығын Ресейден келетін ағын жауып отыр. Бұл энергетикалық тәуелділікке және елдің энергетикалық нарығы қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі.

 Елдің даму жолындағы маңызды қадам

АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штаб мүшелері Серік Қойбақов пен Сауран Қалиев облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлерімен кездесті. Онда АЭС құрылысы туралы алдағы референдум, атом энергетикасының келешегі мен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігінің мән-маңызы талқыланды. Сондай-ақ, кездесуде мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін атом электр станциясының стратегиялық, экологиялық, экономикалық және ғылыми артықшылықтары жөнінде кеңінен айтылды.

Штаб мүшелері Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда атом энергетикасының әлеуеті зор екенін атап өтті. Олар өз сөзінде атом энергетикасына салынған инвестиция Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін айтарлықтай нығайта алатынын және булану газдары шығарындысын азайту есебінен орнықты даму мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

–  Мамандардың айтуынша, атом энергетикасының болашағы зор. Бұл жобаға бұрын күмәнмен қараған көптеген ел қазір өз көзқарасын қайта сараптап, оны жаңартылатын энергия көздеріне маңызды қосымша ретінде бағалап отыр. Демек атом энергетикасы осы салада жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және таза экологиялық шешім саналады. Жалпы, АЭС құрылысы елімізге өз электр энергиямызды өндіруге мүмкіндік береді және барлық өңірді энергиямен қамтамасыз ету деңгейін арттырады. Ең негізгісі, атом энергиясы көмір мен газға қарағанда әлдеқайда қуатты, одан қалдық аз шығады және қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдеседі, – деді Серік Қойбақов.

Сондай-ақ басқосу барысында АЭС салу кезінде заманауи технологияны қолдану, қалдықтарды кәдеге жарату, кадр әлеуетін қалыптастыру, станцияға қызмет көрсету үшін жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері де көтерілді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта елімізде өтетін маңызды саяси оқиғаның бірі – атом электр станциясын салу бойынша референдумға қатысты сөз қозғалды. Штаб мүшелерінің пікірінше, АЭС құрылысы – елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен даму жолындағы маңызды қадам.

– Атом энергиясы – климаттың өзгеруімен күресу және көміртегі шығарындыларын азайтудағы маңызды құрал саналады. Қазақстанға көміртек ізін азайту үшін атом энергиясын пайдаланудың табысты мысалдары көрсетілген халықаралық тәжірибе бағдар бола алады. Елде жаңа атом электр станцияларының құрылысы энергетикалық қауіпсіздікті, экономикалық өсуді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді, – деген Сауран Қалиев жиын соңында 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық референдумда дұрыс шешім қабылдау арқылы әрбір азамат егемен еліміздің тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға тамшыдай үлесін қосатынын баса айтты.

Оқылды 72 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 28, 2024

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық…

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі (Нұр-Сұлтан қаласы) Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік…
Қар 28, 2024

2. ОО «Atamnyn amanaty», Астана,…

https://atamnyn-amanaty.kz/, Здравствуйте! Для подачи заявки в ОО «ATAMNYN AMANATY»…
Қар 28, 2024

Ұлт саулығы — маңызды мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қар 28, 2024

Алматы облыстық мәслихатының № 15…

Мен Галиев Бақытжан Карлұлы, 1974 жылы 5 қараша күні Есік қаласында дүниеге келдім. Ұлтым…
Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет