Сәрсенбі, 02 Қазан 2024 21:25

АЭС-тің көптеген артықшылығы бар – мамандар

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум қарсаңында Республикалық халықтық штабтың мүшесі, Мәжіліс депутаты Лұқбек Тұмашинов және өңірлік халықтық штаб мүшелері Таврия ауылындағы жиһаз жасаумен айналысатын «Кучерин» ЖК және «Өскемен құс фабрикасы» АҚ  еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Лұқбек Тұмашинов өз сөзінде Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанына тоқталды. Қазір Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Сол себепті елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет, деп атап өтті. Кездесуге қатысушыларды 6 - қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Штаб мүшелері қауіпсіздік мәселері бойынша тоқталып, қазіргі АЭС-тердің сыртқы қабаты табиғи апаттарға, техногендік және антропогендік (жарылыстар, ұшақ апаттары және т.б.) әсерлерге төтеп бере алады деп атап өтті. Қазіргі станцияларда ыдыраған өнімдердің сыртқа шығуына жол бермейтін күмбез қолданылады. Аталған күмбез радиоактивті заттардың бөлінуіне жол бермейді. Бір сөзбен айтқанда радиоактивті заттардың бөліну ықтималдығы нөлге дейін төмендетілген. Бұл станцияларда ІІІ және III+ буынды реакторлар қолданылады.

АЭС-тің өзге энергия көздерімен салыстырғанда көптеген артықшылығы бар. Ол жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруін алдын алуға мүмкіндік береді және күн, жел сияқты ЖЭК-мен салыстырғанда АЭС-ті орналастыруға көп аумақты қажет етпейді.

Оқылды 282 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет