Бейсенбі, 03 Қазан 2024 11:44

АЭС тұрақты дамуға жол ашады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Қызылорда аймақтық және қалалық Халықтық штаб мүшелері қалалық кітапханалар желісіне қарасты «Пушкин» атындағы кітапхана ұжымымен кездесті.

Қатысушылар атом энергетикасының тиімділі мен пайдасы жайлы пікір алмасты.

«Атом станциясы сөзсіз қажет. Оның құрысының өзі 5-10 жылға созылады. Оған дейін еліміздегі энергия тапшылығы айтарлықтай өсуі мүмкін. Әлбетте, біз атом энергетикасын зерттеген сала мамандары емеспіз. Дегенмен, аталған саланың құрылысын жан-жақты ізденіп, ғалымдардың пікіріне сүйеніп, сараптама жасап, осындай байламға келіп отырмыз. Өздеріңіз байқасаңыздар, атом станциясы әлемнің көптеген елдерінде бар. Сондықтан, келешек ұрпақты энергетикалық тұрғыда тәуелсіз қылу үшін «жасыл» энергияны қолдауымыз қажет», – деді аймақтық Халықтық штаб мүшесі Асылбек Теңелұлы.

Кітапханашылар әрқашан ғылыми ізденіс үстінде жүретін, ағартушылық, мәдениет саласында еңбектері елеулі қызметкерлер. Олар да аталған салаға байланысты ғылыми кітаптар мен зерттеу жұмыстарына зер салған. Кездесуде кітапханашылар атом энергетикасының қоғамға керектігі турасында пікірін білдірді.

«Атом энергетикасы қатысты мәселелерді, жаңалықтарды онсыз да күнделікті БАҚ беттерінен  қарап отырған боларсыздар. Оның маңыздылығын да жіті түсінгендеріңіз анық. Қазірде еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр тапшылығы орын алуда. Соның салдарынан жыл сайын көрші Ресей мемлекетінен 100 млрд. теңгеге электр қуатын сатып алып отырмыз. Өз қажеттіліктерімізді жабу үшін атом энергияның артықшылығын пайдалануымыз қажет», – деді Халықтық штаб мүшесі Айгүл Нажмадинқызы.

Кездесу соңында қалалық Халықтық штаб мүшесі Гүлшат Исақызы атом энергетикасының көрші елдерде іске асырып жатқандығын, аталған саланың ел әлеуетіне берер оң әсері мен келешек үшін тиімділігін түсіндіріп, кітапханашыларды «Жасыл» энергияны қолдауға шақырды.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Жамбыл облысының Халықтық штаб мүшелері М.Әуезов атындағы кітапхананың қызметкерлерімен кездесті. Басқосу барысында елдің энергетикалық қауіпсіздігі, атом электр станцияларының болашақтағы рөлі және экономика саласына энергияның әсері жөнінде айтылды. Халықтық штаб мүшелері жиналғандармен бірге бүгінгі таңда еліміздің энергетикалық секторында қалыптасқан жағдайды талқылады.

«Экономикалық өсімнің жаңа кезеңіне нық қадам басу үшін АЭС салынуы керек. Сонымен қатар, бұл, кәсіби мамандар айтқандай, экологиялық таза және тұрақты энергия көзі болмақ. Өзге салалар секілді экономика саласы да тұрақты энергияға тәуелді. Ал, атом электр станцияларын салу арқылы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі нығайып, тұрғындардың әл-ауқатын көтеретін негізгі салаларға тұрақты дамуына жан-жақты жол ашылады», – деді Сембек Әбітайұлы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтетінін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын.

Осы мақсатта бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі  Түркістан облыстық Арыс қалалық халықтық штаб өкілдері Е.Молдабаев және С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінде, сонымен қатар Абай атындағы орталық кітапхананың ұжымдарымен кездесті.

Кездесуге штаб басшысы, қалалық партия филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, штаб мүшелері «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Мөлдір Сарыпбекова және «Ақаба сервис» ЖШС кеңесшісі Еркін Сарбасов қатысты.

«Штаб өкілдері арыстықтармен кездесуде энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы туралы атап өтті. «Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр станциясының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған Стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы болмақ. Бүгінгі таңда дүние жүзінде 62 реактор салынып жатыр, көптеген елдер атом электр станцияларының паркін кеңейту жоспарына кірісті немесе алғашқы атом энергетикасы бағдарламасын әзірлеуде», – деп атап өтті Бақтығали Ділдәбеков.

Сондай-ақ штаб мүшесі Мөлдір Сарыпбекова Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған басты саясат – халық үніне еститін мемлекет құру. 6 қазанда өткелі жатқан референдум соның бір айғағы. Біз сіздерге АЭС салуға келісіңіздер деп айтқалы тұрған жоқпыз. Мақсатымыз – жаңа бастаманың елге, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін пайдасын жеткізу, түрлі алып-қашпа әңгімелердің алдын алу. Сонымен қатар болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізетін, энергия тәуелсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік болатын жобаны жан-жақты таныстыру. Ал, референдумда кім қандай таңдау жасаймын десе де өз еркінде екендігін жіті түсіндірді.

Сонымен қатар, штаб өкілдері АЭС-тің артықшылықтары, экономикалық пайдасы жайында ақпараттармен бөлісті. Азаматтар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріп, оларды республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Оқылды 178 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…
Маус 24, 2025

Распоряжением акима Алматинской…

Бакытнур Бакытулы родился в 1986 году, имеет высшее образование. В 2008 году окончил…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет