Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстанда атом электр стансасын салу перспективасы болды
Эльмира Жақсыбай
Қазақстан дүниежүзіндегі уран рудасының ең бай қорларының біріне ие, маңызды шешім – атом электр стансасын салу алдында тұр.
Қазақстанның энергетикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі – елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Осы мәселе бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу қоғамдық пікірді есепке алудың және еліміздің азаматтарының пікірін білдіретін талқылаулар өткізудің маңызды құралы болып табылады.
Бүгін облыстық Халықтық штабтың мүшелері: Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Д.С.Рыпаков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.С.Шерубаев, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Алтай қаласының «Тепловодцентраль» КМК бас инженері И.В.Михайленко, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы А.М.Ақаев, Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры, Қ.Н.Мамырбаев, «Клиника микрохирургии глаза» ЖШС директоры, партияның облыстық филиалының әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі кеңесшісі З.А.Камасова жұмыс сапарымен Алтай ауданында Достық үйі мен Тепловодоцентраль қызметкерлерімен кездесті.
Шемонаиха ауданында атом электр стансасының (АЭС) құрылысын қолдау жөніндегі Республикалық Халықтық штаб өкілдерінің жергілікті жұртшылықпен кездесуі өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстанда атом электр стансасын салу перспективасы болды. Қатысушылар атом энергетикасын дамыту елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.
Олардың пікірінше, атом электр стансасының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағдайға оң әсер ететін көмірқышқыл газының шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Республикалық Халықтық штабтың мүшелері қазіргі заманғы атом электр стансаларының озық технологиялармен жабдықталғанына және атом электр стансаларының ескірген үлгілерінен едәуір асып, қауіпсіздіктің ең жоғары талаптарына жауап беретініне назар аударды. Бұл оларды қазіргі әлемдегі ең сенімді және қауіпсіз энергия көздерінің біріне айналдырады.
«Бүгінде біздің экономикамыз шикізат экспортына көп тәуелді. Нағыз дамыған ел болу үшін біз бұл тәуелділікті жеңуіміз керек. Атом электр стансасының құрылысы Қазақстан экономикасының жаңа технологиялық деңгейге өтуі үшін қажет. АЭС пайдалануға берілгеннен соң айтарлықтай экологиялық жағдайды және жаңа экономикалық инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік аламыз", – деді Республикалық Халықтық штабтың мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашинов.
Кітапхана ұжымы АЭС салуды қолдайтынын білдірді
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық және қалалық Халықтық штаб мүшелері қалалық кітапханалар желісіне қарасты А.С.Пушкин атындағы кітапхана ұжымымен кездесті. Басқосуда атом энергетикасының тиімділігі мен пайдасы жайлы пікір алмасу болды.
– Атом станциясы сөзсіз қажет. Оның құрылысының өзі 5-10 жылға созылады. Оған дейін еліміздегі энергия тапшылығы айтарлықтай өсуі мүмкін. Әлбетте, біз атом энергетикасын зерттеген сала мамандары емеспіз. Дегенмен, аталған саланың құрылысын жан-жақты ізденіп, ғалымдардың пікіріне сүйеніп, сараптама жасап, осындай байламға келіп отырмыз. Өздеріңіз байқасаңыздар, атом стансасы әлемнің көптеген елдерінде бар. Сондықтан, келешек ұрпақты энергетикалық тұрғыда тәуелсіз қылу үшін «жасыл» энергияны қолдауымыз қажет, – деді аймақтық Халықтық штаб мүшесі Асылбек Теңелұлы.
Кітапханашылар әрқашан ғылыми ізденіс үстінде жүретін, ағартушылық, мәдениет саласында еңбектері елеулі қызметкерлер. Олар да аталған салаға байланысты ғылыми кітаптар мен зерттеу жұмыстарына зер салған. Кездесуде кітапханашылар атом энергетикасының қоғамға керектігі турасында пікірін білдірді.
– Атом энергетикасы қатысты мәселелерді, жаңалықтарды онсыз да күнделікті БАҚ беттерінен қарап отырған боларсыздар. Оның маңыздылығын да жіті түсінгендеріңіз анық. Қазірде еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр тапшылығы орын алуда. Соның салдарынан жыл сайын көрші Ресей мемлекетінен 100 млрд теңгеге электр қуатын сатып алып отырмыз. Өз қажеттіліктерімізді жабу үшін атом энергияның артықшылығын пайдалануымыз қажет, – деді жиында қалалық Халықтық штаб мүшесі Айгүл Нажмадинқызы.
Кездесу соңында қалалық Халықтық штаб мүшесі Гүлшат Исақызы атом энергетикасының көрші елдерде іске асырып жатқандығын, аталған саланың ел әлеуетіне берер оң әсері мен келешек үшін тиімділігін түсіндіріп, кітапханашыларды «жасыл» энергияны қолдауға шақырды.
Сала қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамасын бірауыздан қолдайтынын жеткізді.
АЭС құрылысы тұрақты дамуға жан-жақты жол ашады
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері М.Әуезов атындағы кітапхананың қызметкерлерімен кездесті. Басқосу барысында елдің энергетикалық қауіпсіздігі, атом электр стансаларының болашақтағы рөлі және экономика саласына энергияның әсері жөнінде айтылды. Халықтық штаб мүшелері жиналғандармен бірге бүгінгі таңда еліміздің энергетикалық секторында қалыптасқан жағдайды талқылады.
– Экономикалық өсімнің жаңа кезеңіне нық қадам басу үшін АЭС салынуы керек. Сонымен қатар, бұл, кәсіби мамандар айтқандай, экологиялық таза және тұрақты энергия көзі болмақ. Өзге салалар секілді экономика саласы да тұрақты энергияға тәуелді. Ал, атом электр стансаларын салу арқылы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі нығайып, тұрғындардың әл-ауқатын көтеретін негізгі салаларға тұрақты дамуына жан-жақты жол ашылады, – деді Сембек Әбітайұлы.
АЭС-тың экономикалық артықшылығы айтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтетінін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын.
Осы мақсатта бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Түркістан облыстық Арыс қалалық халықтық штаб өкілдері Е.Молдабаев және С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінде, сонымен қатар Абай атындағы орталық кітапхананың ұжымдарымен кездесті.
Кездесулерге штаб басшысы, қалалық партия филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, штаб мүшелері «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Мөлдір Сарыпбекова және «Ақаба сервис» ЖШС кеңесшісі Еркін Сарбасов қатысты.
Штаб өкілдері арыстықтармен кездесуде энергия тапшылығын азайтуда атом электр стансасының маңыздылығы туралы атап өтті.
«Атом электр стансасының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр стансасының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған Стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы болмақ. Бүгінгі таңда дүниежүзінде 62 реактор салынып жатыр, көптеген елдер атом электр стансаларының паркін кеңейту жоспарына кірісті немесе алғашқы атом энергетикасы бағдарламасын әзірлеуде», – деп атап өтті Бақтығали Ділдәбеков.
Сондай-ақ, штаб мүшесі Мөлдір Сарыпбекова Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған басты саясат – халық үніне құлақ асатын мемлекет құру. 6 қазанда өткелі жатқан референдум соның бір айғағы. Біз сіздерге АЭС салуға келісіңіздер деп айтқалы тұрған жоқпыз. Мақсатымыз – жаңа бастаманың елге, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін пайдасын жеткізу, түрлі алып-қашпа әңгімелердің алдын алу. Сонымен қатар болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізетін, энергия тәуелсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік болатын жобаны жан-жақты таныстыру. Ал, референдумда кім қандай таңдау жасаймын десе де өз еркінде екендігін жіті түсіндірді.
Сонымен қатар, штаб өкілдері АЭС-тің артықшылықтары, экономикалық пайдасы жайында ақпараттармен бөлісті. Азаматтар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріп, оларды республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Көкшетауда Халықтық штаб өкілдері кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті
Ақмола облыстық кәсіподақтар ұйымының мүшелерімен АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Ақмола облыстық Халықтық штаб мүшесі Қали Рахметов кездесіп eліміздe атoм элeктp стaнсасын сaлудың мaңызы мeн apтықшылығын түсіндірді. Кездесуде Штаб мүшесі AЭС құpылысының eл экoнoмикaсынa тигізeтін ықпaлы туpaлы, энepгeтикaлық тәуeлсіздікті нығaйтуғa жәнe экoлoгиялық тaзa энepгиямeн қaмтaмaсыз eтугe қaлaй әсep eтeтінінe кeңінeн тoқтaлды.
«Халық арасында атом электр стансасы құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлық орын алмай ма деген сұрақтар туындайды. Бұл өте үлкен жоба, ауқымды құрылыс болады. 8 мыңға жуық жұмысшы күші тартылады. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ол жерде 2 мыңдай адам жұмыс істейді. Атом электр стансасы стратегиялық маңызы бар нысан. Сондықтан оны Қазақстан ғана емес, Атом Энергиясы Жөніндегі Халықаралық Агенттік бақылайды. Құрылыс басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін үнемі қадағаланады», – деді штаб мүшесі Қали Рахметов.
Жиналғандар талқылауға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Штаб өкілі шешім қабылдау кезінде ашық диалог пен жұртшылықтың пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымының мүшелері сындарлы диалог және әрбір қатысушының жауапты азаматтық ұстанымы болуы керек деп тарқасты. Себебі, Қазақстанда атом электр стансасын салу еліміздің әрбір азаматы үшін маңызы зор.
Ақмола облысы бойынша АЭС қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері ұстаздармен, колледж оқытушыларымен, еңбек ұжымдарымен кездесулерін қарқынды жүргізуде.