Бейсенбі, 10 Қазан 2024 11:03

Тілге құрмет – елге құрмет

«Қазақ тілі ғылым мен білімнің интернеттің тіліне айналды. Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол – қазақ тілі. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналды. Мемлекеттік тіл мәртебесін, заманауи даму көшінде ұлттық рухани жаңғыру мәселесін қолдайтын, оны іске асыруға үлес қосатын азаматтарға рухани күш, айқын бағыт белгілеп берсек, артық болмас.
Ауданымыздың тұрғында-рына тілдерді оқытуды жүзеге асыратын «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Еңбекшіқазақ аудан-дық филиалы 2007 жылы өз жұмысын бастады. Қосымша білім беру нарығында 18 жылдай қызмет етіп жатқан орталықтың басты ерекшелігі – мемлекеттік, ағылшын тілдерін тегін оқытуы.
Мемлекеттік тіл бағдарла-малары аясында шығарылған оқу-әдістемелік құралдарды тіл оқыту орталығында қазақ тілін оқытудағы ортақ әдістеме ретінде басшылыққа алып жүр. Атап айтқанда, А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлеріне арналған «Типтік оқу әдістемілік кеше-ні» мемлекеттік стандарттар, лексикалық минимум, электронды жабдықтау бағдар-ламасы, граматикалық анық-тағыш, оқулық, тіл құралы «Қазақ жіне ағылшын тілдеріне қарқынды оқыту жөніндегі интерактивті оқыту жүйелері, инновациялық-әдістемелік бей-несабақтар кешені» құралдары бар.
«Қазтест» – ҚР азаматтары-ның және республика аума-ғында әртүрлі қызмет түр-лерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін, тілдік білімді бағалау жүйесі.
Үйренушілердің білімі жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қыз-метшілер, бюджеттік сала, мемлекеттік қызмет көрсету саласы, ұлттық компания, әске-ри сала қызметкерлері үшін «ҚазТест» жүйесі бойынша бағаланып, өту деңгейіне сай сертификаттар табысталады.
Тілдерді оқыту орталығы заман сұранысына сай болуды үнемі қолдап отырады. Орталықтың ақпараттық кеңістікті игерудегі ашықтығы – кез келген мемлекеттік тілдіүйренуге ниетті азаматқа қолжетімді болуы.
«Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» мем-лекеттік мекемесі Еңбекшіқазақ аудандық филиалында соңғы үш жылда 194 адамды тіл оқыту курстарымен қамтыған. Қазіргі таңда 104 азамат мемлекеттік тілді оқуда, оның ішінде 40 өзге ұлт өкілдері бар. Сонымен қатар 26 адам ағылшын тілінің тыңдаушылары.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін әрқашан биікте ұстап, басқа да тілдердің дамуына қолдау көрсету қажет.

Гүлнәр ЖАҚСЫЛЫҚОВА, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы.

Оқылды 322 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет