Бейсенбі, 17 Қазан 2024 11:58

Алматы облысының кәсіпорындарында 4 мыңнан аса маман тапшы

Биылғы жылы соңғы 9 айда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына 46 кәсіпкерден шағым түскен. Оның 35-і оң шешімін тапқан. Сәйкесінше, 687,6 млн теңгеге кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеевтің сөзіне сүйенсек, сәулет және құрылыс, салық қатынастарының проблемалық мәселелері бизнес саласында әлі де өзекті.
«Жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетін бағалауда қатаң, принципті және ымырасыз көзқарасты қамтамасыз ететін Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің тұғырнамасы белсенді жұмыс істеуде. Кеңестің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы бойынша 27 ұсыныс жасалып, оның 12-сі орындалды»,-дейді Тимур Бекеев.

Кәсіпкерлер палатасының ауқымды жобасының бірі- «Бизнесті қорғаудың экожүйесі». Жобаны іске асыру шеңберінде прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, заң қоғамдастығымен тиімді жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері сот отырыстарында үшінші тұлға ретінде әрекет етеді. Осылайша 2024 жылы 4 кездесуге қатысқан.
Облыста бизнестегі кадр тапшылығыда өте өткір мәселе ретінде күн тәртібінен түскен емес. Кәсіпкерлер палатасы 826 кәсіпорында 4435 маманға бос орын барын анықтады. Бүгінгі таңда мамандарды қайта даярлауға басымдық берілген. Аймақта 28 мекеме кадрларды даярлауға жұмылдырылған, оның 12-і кәсіпорында базасында, 9-ы колледжде 7-еуі дербес оқу орталғында орналасқан. Мұнда 56 мамандық түрі бойынша білім алуға болады, бүгінгі күні 624 адам оқуда.

Оқылды 350 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет