Бейсенбі, 17 Қазан 2024 12:16

Тазалық сақтау тәрбиеден

Адамзат баласының алдында зор міндеттер тұр: бейбітшілікті, руханиятты, табиғатты қорғау, сақтап қалу. Осы мәселелерге Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы. Руханиятты сақтау қай қайсымыз үшін де маңызды. Ал еліміздегі қоғамдық орындардағы тәртіпсіздік күннен күнге жалғасып, өрби түсуде. Табиғатты ластау, саябақтардағы орындық, әткеншектерді қирату әдет болып қалғаны анық. Бұл – руханиятымызды, мәдениетімізді сақтауға кедергі емес пе?


Ауданымызда қирап, бүлініп жатқан саябақтар мен демалыс орындарының саны жетерлік. Солардың бірі – аудандық сот ғимаратының артында орналас-қан балалар саябағы. Көркіне көз тоймайтын ақ қайыңдар арасында орналасқан саябақтың қазіргі жағдайы көпшілікке беймәлім. Қоқыс пен сынған бөтелкелер, қираған әткеншектер мен орындықтар – мәдениетсіздіктің айқын көрінісі. «Таза Қазақстан» акциясы тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, барша халыққа арналған мәдени-рухани кесек шаралар. Жас демей, кәрі демей тазалық үшін күрескен халықтың еңбегін еш қылу. Жалғыз саябақ емес, Есік өзені жағалауындағы, Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің артындағы демалыс орындарының талқаны шыққан деуге болады. Алматы көшесіндегі көпір асты қазіргі таңда қоқыс алаңы мен әжетханаға айналған. Жастардың орындықтар мен сырғанақтарға боқауыз сөздерді ойып жазып, телефон нөмірлерін қалдыратындай дәрежеге түскендері қынжылтады. Әкімшілік тарапынан абаттандыру жұмыстары жүргізі-ліп жатқаны белгілі. Дегенмен, тазаланған аймақты қайта шашып, сындырып кететін бұзақыларды жөнге салуымыз керек. Осы мәселе бойынша қала әкімі үн қатты.


– Қоғамдық орындардағы тәртіпсіздік – еліміз үшін күрделі мәселелердің бірі. Қазіргі таңда қала ішіндегі саябақтарды қайта абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кез келген қоғамдық орындарға тазалық жұмыстары жүргізіледі. Біздің тарапымыздан жұмыстар жүргізілгенімен, аз уақыт ішінде саябақтар қайта қираған күйіне түседі. Жасалған жұмыс зая кетеді. Сол себептен қоғамда ең бірінші тәртіп орнату керек. Кез келген адам патриоттық сезімді сезінсе мұндай жағдайлар орын алмайтыны белгілі. Тәртіпсіздікпен күресу мақсатында жақын арада қаламызға 400 бейнекамера алынып, жоспар бойынша тиісті орындарға орнатылады. Қоғамдық орындардың бәріне бірдей бейнекамера қоя салу мүмкін емес. Бірақ бұл тәртіпсіздер тайраңдап жүре береді деген сөз емес. Бұзақыларға айыппұлдар салынады. Елім деген ер болса, ортасына зиян келтірмей, халқына қалаулы азамат болуы тиіс. Алдағы уақытта қоғам тәртібі үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі, – деді Есік қаласының әкімі.
Ұлт мұраттарының ұлы байлығы – жас ұрпақ. «Адамға бірінші тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби айтпақшы, тәрбие – отбасынан басталады. Егеменді елдің болашағы жастарға дұрыс бағыт-бағдар берумен байланысты. Ертеңіміз үшін күресе білсек, әлбетте, болашағымыз жарқын болары сөзсіз.
Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 665 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет