Бейсенбі, 17 Қазан 2024 12:19

Қастерлі мамандық иелері

Кітап – өткен өмір мен бүгінгі өмірді тыныс-тандыратын, адамзат баласының ақыл-ойын толықтыратын білімнің қайнар көзі. Кітапхана – кітап атты құндылығымыздың қоймасы болса, кітапханашы – ондағы кітап қорының күзетшісі. Сол кітапхананың қорын күн сайын молайтып, оқырмандарына қызмет көрсетуші кітапханашының рөлі қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды», – деген сөзі бүгінгі таңдағы өте өзекті және ұлттың рухани биіктерінен көрінуге ықпал еткені анық. Тәуелсіз ел болып, жаңадан тәй-тәй басқан қиын кезеңде кітапханашы маманы маңыздылығын жоғалтудың аз-ақ алдында қалғаны – шындық. Ауылдық кітапханалар шетінен жабылып та жатты. Бүгінгі таңда бұл мәселе түбегейлі жандану жолына түсті. 1997 жылы аудан тарағанда Шелек аудандық кітапханасы Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасына қосылып, ауылдық кітапхана болып қайта құрылып, талай қилы кезеңдерден өтті.
Тоқырау кезінде тозған кітапхана күрделі жөндеу-ден өтіп, жаңа жиһаздармен, компьютер, интерактивті тақта проекторымен жабдықталды. 2010 жылдан КАБИС бағдарламасымен, 2019 жылдан бастап Wed РАБИС бағдарламасымен жұмыс істеп келеді. 36 оқырманға арналған оқу залы, абонемент, балалар және анықтамалық-библиографиялық бөлмелері бар. «Коворкинг» орталығы ашылып, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышы ашылды.
Мардымсыз жалақыны қанағат тұтқан кітапхана-шылар қиыншылық қыспағына алса да, оқырмандарды білім шырағының шапағатына бөлеп, түрлі іс-шаралар өткізді. «Біз оқырмандарымыздың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі іс-шараларды жиі өткіземіз. Кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Жас қалам» атты қызығушылық клубтар жұмыс істейді. Аудандық газетке мақалалар жарияланып, әлеуметтік желілерге тіркелдік. Осыдан бірнеше жыл бұрын зейнетке шыққан ұстаз әрі әріптесіміз Нұржамал Зорханова мен Бижамал Жасбаева бастап, Мадина Үмбетова, Гульнар Джанбакиева, Лейла Кошиева қоштап, талай жетістіктерге қол жеткіздік. Бізде 87867 кітап қоры, 4400 оқырманымыз бар» – дейді кітапхана жетекшісі Артықкүл Адамбекова.
Иә, айтса айтқандай, 2009 жылы облыстық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауында І орынды иеленсе, 2011 жылы «Модельді ауылдық кітапханасы» дәрежесіне ие болды. 2014 жылы облыста өткен мәдениет қызметкерлері күніне арналған мерекелік шарада «Үздік ауыл кітапханасы» номинация-сының жеңімпазы атанып, 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. 2017 жылы облыстық «Туған жер – алтын бесік» жобасы аясында аудандық мәдени және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Туған жерім, туған елім – Қазақстан» атты байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Тағы басқа да жетістіктері жетерлік, жалпы республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Облыстық, аудандық семинарлар өткізіп тұрады. Оқырмандарға сапалы қызмет көрсетіп, мәдениет саласына өз үлестерін қосқаны үшін кітапханашылар облыстық, аудандық, ауылдық марапаттаулар, мен мақтаулар, алғыс хаттармен марапаттаған. Осының бәрі кітапханашылардың іскерлік еңбегінің жемісі.
Қиындығы мен қызығы мол кітапханашы ма-мандығы – қастерлі мамандық. Кітапханашы оқыр-мандарға кітап берумен шектеледі деп түсіну – ағаттық. Әрбір оқырманға кітап туралы бағыт-бағдар беру үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жүрген кітапханашылар еңбегі ұшан-теңіз, бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуде, көкірек көзін оятып, оқуға деген ынта-ықыласын арттыру, дұрыс бағыт беру – кітапханашылардың басты міндеті. Олай болса, құрметті кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтау біздің де міндетіміз.
Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 535 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тазалық сақтау тәрбиеден Өнегелі өмір үлгісі »

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет