Бейсенбі, 17 Қазан 2024 12:21

Өнегелі өмір үлгісі


«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» депті Әлішер Науаи. Расында кітаппен дос болған адамның пайым-парасаты биік болары сөзсіз. Ал, осы баға жетпес құндылықтарды сақтап, кітапхана мен елдің ортасындағы алтын көпір бола білген кітапханашылардың еңбектерін бағалау – баршаға ортақ міндет. 24 қазан күні кітапханашылардың кәсіби мерекесі аталатыны көпшілікке аян. Елімізде аталған киелі мамандықты абыроймен атқарып, кейінгіге зор мұра қалдыра білген тұлғалар аз емес. Мереке қарсаңында бүтін бір ауылдың кітапханасын аман сақтап қалған кітапханашы Жаңыл Нашырбекова туралы сөз қозғағымыз
келді.


Кеңес одағы заманында 1990 жылға дейін Қаракемер ауылдық кітапханасында 15 000-нан астам кітап қоры болған. Тоқырау заманында кітапхана жабылып, белгісіз себептермен кітапханадағы кітаптар жоғалып, әркімнің қолында кеткені жасырын емес. Жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған сол кездегі кітапхананы 2003 жылдың жаз мезгілінде 10053 дана кітап қорымен Қаракемер ауылдық мәдениет үйінен қайта ашылуына себепші болған Жаңыл Нашырбекова десек артық айтқандық емес. Аталған игі іске ауылдың атқамінер азаматтары Қазыбай Жылқыбеков, округ әкімі болған Асыл Байтулақовтың қолдау көрсеткенін ұмытпаймыз. Осы бір өнегелі оқиғадан біз Жаңыл апайымыздың өз мамандығына деген адалдығы, келер ұрпақ пен елге деген махаббаты кіршіксіз екенін аңғарамыз.
Өзі қалаған мамандықты игеріп, халыққа игі қызмет етіп жүрген жандардың елеулі еңбегін ескеріп, одан үлгі алудың өзі үлкен ғанибиет. Жұмыс орнында сабырлы, өңі жылы, үлкен-кіші демей, келген оқырмандарды әрдайым жылы қабақпен қарсы алып қызмет жасаудан жаңылмайтын Қаракемер ауылдық кітапханашысы Жаңыл апайдан үлгі алар кезіміз көп. Себебі, ол осы салада 21 жылдан аса қызмет атқарып, қызығымен қиындығына төзе біліп, ауылдық кітапханаға орасан еңбек сіңір-ді. Әсіресе, жастар, мектеп оқушылары кітапханашы апай-дың өнегелі әңгімесін тыңдап, жүргізген іс-шараларына белсене қатысады. Әр жеткіншектің қолына бір-бір ұялы телефон ұстатып қойған заманда, елдің ойын кітапқа бұру шынымен оңайға соғып тұрған жоқ. Осы орайда Жаңыл Нашырбекова таным көкжиегін кеңейтетін сан түрлі шараларды ұйымдастырып, жасөспірімдердің кітапқұмар болып өсуіне зор үлес қосып келеді. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, көзбен көргенімізді, сөзбен жеткізіп, аяулы Жаңыл апайымыздың өнегеге толы өмірін үлгі етерімізді баяндауға тырыстық.


Алия КАРИБАЕВА,
Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Оқылды 623 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қастерлі мамандық иелері Каусар – чемпионка области »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет