Бейсенбі, 17 Қазан 2024 12:25

Боз кілемде бозбалалар

Жуырда Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде осы өңірде еркін күресті дамытуда өзіндік үлес қосқан профессор Асан Тоққожа-ұлының жүлдесіне арналған еркін күрестен жарыс өтті.



Жасөспірімдер арасында өткен бұл тартыс-ты бәсекеде Д.Қонаев, Алматы, Талдықорған қалалары, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Жетісу облыстары, Райымбек, Талғар, Іле, Қарасай, Балқаш, Жамбыл, Кеген, Ұйғыр және Еңбекші-қазақ аудандарынан 2011-2012 жылы туған ұлдар мен 2011-2013 жылы туған қыз балалар боз кілемде белдесті.
Облыстық ашық турнирдің ашылу салтанатында қазақша күрестің бапкері болған, ардагер Асқарбек Рахимов ақсақал бата беріп, облыстық спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков сөз сөйлеп, облыс әкімі атынан Асан Тоққожаұлына шапан жауып, Алғыс хатын табыс етті. Одан кейін Алматы облысының құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев, ардагер спортшы, Асекеңнің алғашқы баптан шығарған түлегі Абликим Розиев жылы лебіздерін айтып, жасөспірім балуандарға сәттілік тіледі. Бұл жүлделі жарысқа Асекеңнің туыстары, сыныптастары, шәкірттері, қызметтес әріптестері қатысып, сый-сияпаттарын табыс етті.
Үш күнге созылған тартысты бәсекеде жеңімпаздар мен жүлегерлер анықталып, арнайы медальдар, мақтау қағаздары мен заттай сыйлықтар табысталды. Ал І орынды иеленген қонаевтық «Жекпе-жек» командасы, ІІ орынды жеңіп алған №2 Шелек балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен ІІІ орын иегері Талғар қаласының №1 БЖСМ-іне арнайы кубоктар табыс етілді.

Өз тілшіміз.

Оқылды 559 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет