Дүйсенбі, 21 Қазан 2024 10:42

Алматы облысында 500-ге жуық мемлекеттік ту балкондар мен қоғамдық орындарға ілінеді

Өңірде Республика күні қарсаңында «Менің елім – менің Туым» акциясы бастау алды. Бұл бастаманы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырып отыр.

Акция аясында облыс бойынша 500-ге жуық мемлекеттік ту орнатылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта 100-ден астам азамат көк байрақты өз балкондарына іліп, бастаманы қолдап үлгерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға қатысушылар саны күн сайын артып келеді. Аталған акцияның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті күшейтіп, тұрғындардың патриоттық рухын көтеру. Сонымен қатар, акция арқылы қоғамда бірлік пен ынтымақты нығайту көзделіп отыр.

? «Алдағы уақытта облыс аумағында 500-ге жуық мемлекеттік туды көпқабатты тұрғын үйлердің балкондары мен қоғамдық орындарға ілуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде Қонаев қаласының өзінде 30-ға жуық ту ілінді. Оның өзі қала тұрғындар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бұл тек жай ғана акция емес, бұл – елімізге деген сүйіспеншілігіміз бен патриоттық рухымыздың жарқын көрінісі. Әрбір ілінген ту арқылы біз халықтың бірлігін нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуді мақсат етеміз. Барша азаматтарды осы акцияны қолдауға шақырамын», – деді облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының мүшесі Мират Әшімбаев.

Айта кету керек, акция 25 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында кез келген азамат мемлекеттік туды балконына немесе өз үйінің алдына іліп, акцияға қатыса алады.

Оқылды 525 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет