Бейсенбі, 17 Қазан 2024 12:31

Мұғалім – мектептің жүрегі

Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен толыққанды жөндеуден өтіп, қайта жаңғырған оқу орнында жаңа оқу жылы қуанышпен басталды. Сонымен қатар, мәртебелі мамандық иелері, мектептің жүрегі саналатын ардагер мұғалімдер – халық ағарту ісінің озық қызметкерлері, ұлағатты ұстаздар, оқу ісінің үздіктері, қоғам қайраткерлері құрметтеліп, оқу кабинеттеріне есімдері берілді.


Жақында өткен мұғалімдер күнін атап өткен бұл оқу орнының ұжымы ардақ тұтатын ұстаздарын – Рахымғали Ыбырайымұлын, Жұмағайша Мұхамет-жанқызын және Нұрақын Өмірәліұлы мен Несіпжан Нұрахметованы еске алып, оқу кабинетіне олардың есімдерін беріп, салтанатты түрде ашқан еді. Көп ұзамай мұндай жақсылық іс жалғасын тауып, тағы да он кабинетке осы мектепте шәкірт тәрбиелеген білікті де білімді ұстаздардың есімі бұйырды.


Атап айтқанда, осы мектепте ұзақ жылдар ұстаздық еткен Байдар Күлиза Жалалқызына, Жолдасбаева Сәуле Серғожақызына, Махмутов Мірәділ Омарұлына, Сұлтанов Керім Сұлтанұлына, Алдабергенова Роза Темірболатқызына, Апекова Гүлнәр Нұрмыханқызына, Кулетова Фарида Қалижарқызына және Ахметова Фарида Ахметқызына арнайы кабинеттер бөлініп, есімдері беріліп, салтанатты түрде ашылды. Әр каби-неттің тақырыптық стендтері үйлесімді көрнекілік етіп жасалған.
Мектептің ардагер ұстаздары, ауыл азаматтары кабинеттердің ашылу салтанатына қатысып, оқу-шылардың шағын концертін тамашалап, әрбір стендтермен танысты.
Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 920 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет