Бейсенбі, 17 Қазан 2024 13:28

Орман – Отан байлығы

Орман – табиғаттың экологиялық тепе-теңдігін сақтап тұратын негізгі бөлшегі. Орман – оттегі, әртүрлі
жануарларға, құстарға, жер бетіндегі тіршілік атаулыға
өмір сүруге қолайлы жағдай жасайтын орта. Табиғат – тіршілік атаулының құтты қонысы болса, орман – Отан байлығы. Олай дейтін себебіміз, орман – адамзат баласының өсіп-өнуіне қажетті нәрі, жеріміздің сәні. Осы Отан байлығын көздің қарашығындай қорғап, орман шаруашылығын одан әрі өркендетуді басты мақсаты санайтын Шелек орман шаруа-шылығының ұжымы бұл жылы да өздеріне қарасты табиғат байлығын еселеуде міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Биылғы атқарылған жұмыс жайлы мекеме директоры Бекболат Алтаев пен оның орынбасары Мұхит Палванов баяндап берді.


«Шаруашылықта ағаш өнімі қозғалысы бойынша биыл барлығы 256,53 текше метр, оның ішінде 123,4 текше метр кәделік, 75,22 текше метр отындық, 57,91 текше метр шөпшектер өткізілді. Орман қорғау жұмыстарының орындалуы бойынша мемлекеттік орман қорында потологиялық тексеру жүргізіліп, келер жылға жоспарланған орман екпелерін отырғызылатын жерлерге 13 дана шұңқыр қазылып, мекеме-нің орман қоры жерінде аумағы 122,5 га жерге бюджеттен бөлінген 4179,92 мың теңге игеріліп, химиялық тәсілмен зиянкестерді жою жұмыстары жүргізілді.Ал орманды қалпына келтіру және өсіруде 29,2 га жерге орман екпелері отырғы-зылды. Оның ішінде Шелек орманшылығында 11,2 га жерге 49280 ұсақ жапырақты қарағаш, Жиделі орманшылығында 10,8 га жерге 36000 жиде, Іле ор-маншылығында 7,2 га жерге 24 000 жай өрік, барлығы 109 280 дана ағаш түрлерінің екпелері отырғызылды.
Орманды күтіп-баптау, суару, арам шөптерден арылту жұмыстары 538,64 га жүргізіліп, 127131 дана орман екпелері қазылып, стандартты орман екпелері өсірілді. 11,5 га жерде орман екпелерін толықтыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Шелек орманшылы-ғында 2,3 га жер 2024 ұсақ жапырақты қарағаш, Жиделі орманшылығында да осыншама жер 1467 жиде, Іле орман-шылығында 7 га жер жер 6160 кәдімгі өрік екпелерімен толық-тырылды.


Осы жылдың жоспарына сәйкес, мекемеде 152 кг орман тұқымдары жиналып, сараптамадан өткізілді. Мекеме бойынша уақытша тұқым-баққа 2 га жер дайындалып, оның 0,5 га жеріне орман тұқымдары егілді. Уақытша тұқымбақтағы мектеп бөліміне 0,55 га жерге үш жылдық 2500 қырым қарағайының, 3000 шығыс биотасының екпелері отырғызылды. Жиделі орман-шылығында 4 000 терек қа-лемшерлері дайындалып, отырғызылды», – дейді мекеме директоры Бекболат Алтаев.
Орманның алғашқы жауы – өрт қаупі. Биыл ауа райы қатты ыстық болды. Күн қатты ысығанда құрғаған жапырақтар, әйнектің сынықтары өрттің шығуына себеп болады. Дегенмен де, кей адамдардың немқұрайдылығынан, темекі тұқылын тастаудан не жаққан отты шала өшіруден де өрт шығуы мүмкін. Жаздың аптапты ыстық күндері орман шаруашылығының мекемесі өрттің алдын алу шараларын да жүйелі жүргізілген.
«Орман өрті – үлкен апат. Ол орманға ғана емес, қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді. Осындай жағдайды болдырмас үшін Шелек және Іле орманшылықтарында бес шақырым жерге минералдық жолақтар орналастырып, 190 шақырымына минералдық жолақтарды күтіп-баптау жұ-мыстары қолға алынды. 649 600 теңгеге жаңа 170 дана аншлаг, 30 дан панолар жасалып, орманшылықтарға орналастырылды. Орман ресурстарын пайдаланушыларға және шекаралас отырған ша-руашылықтарға ескертіліп, үн парақтар таратылды. Ауыл тұрғындарына, орман ресурс-тарын пайдаланушыларға, мектептерде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы лекциялар оқы-лып, аудандық, облыстық, басқа да газеттерде арнайы мақалалар жарияланды. Жи-делі және Іле орманшылықта-рына 2 дана жылжымалы бекеттер орналастырылып, 3 дана арнайы өрт сөндіру авто-көлігімен, 2 трактор су бүр-кігіштерімен, басқа да өртке қарсы барлық құрал-жабдық-тармен толық қамтамасыз етілді. Бюджеттен бөлінген қар-жыға 1 дрон сатып алынды. Мекеме теңгеріміне алынған арнайы өрт сөндіру ЗИЛ-131 және УАЗ-31514 автокөлігі тағы бар. Сондай-ақ Шелек орман шаруашылығы Еңбекші-қазақ, Кеген аудандары мен Шелек ауылының ТЖБ өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру бөлімдерімен және орманға жақын орналасқан Асы, Масақ, Шелек, Қаратұрық, Қорам, Қаражота, Малыбай, Сөгеті ауылдық округ әкімдіктерімен өртке қауіпті маусымда бірле-сіп әрекет жасауда. Бұдан басқа Қарадала, Жаркент, Кеген орман шаруашылықтары-мен де өртке қарсы бірлескен іс-әрекеттер жоспары жаса-лып, келісілген. Және де «Көл-сай көлдері», «Алтын-Емел», «Шарын», «Іле-Алатау» парк-терімен де келісім жасалған, өртке қарсы бірлесіп күресу мақсатында» – дейді директор-дың орынбасары Мұхит Палванов.
Сондай-ақ «Бүкіл әлемдік тазалық» күніне орай мекеме қызметкерлері және Шелек, Байсейіт, Ақтоған ауылдары-ның волонтер жастары, ауыл тұрғындарымен орман қоры жерлері мен шекаралас ауылдар аумағында сенбілік акциясын өткізген. Сенбілік барысында өзен, су жағалауларын, ауыл көшелерінен 9 тонна тұрмыстық, құрылыстық қал-дықтар қоқыс өңдейтін Шелек полигонына жеткізіліпті.
Орман шаруашылығның қызметкерлері қарттар күні қарсаңында ардагерлерді құттықтап, жағдайы нашар отбасыларға отын беріп, жыл сайын көмек қолын созады. Ауылдық округ, мекеме мен мектептер күз, көктем айларында түрлі ағаш көшеттерімен қажетінше қамтамасыз етіледі.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл ешқашан мағынасын жоймайды. Шелек орман шаруашылығының қыз-меткерлері ел байлығы – орманды, жасыл желек ресурстарын қорғап, жауапкершіліктерін абыроймен атқарып жүр. Өйткені, табиғатты тиімді пайдаланып, қор-ғау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақ үшін де аса қажет.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 57 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 17, 2024

Мұғалім – мектептің жүрегі

Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен толыққанды жөндеуден өтіп,…
Қаз 17, 2024

Мәдениет майталманымен кездесу

Мәдениет – қоғамның рухани қозғаушы күші, халықтың ортақ игілігі. Кез- келген ұлт ең…
Қаз 17, 2024

Боз кілемде бозбалалар

Жуырда Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде осы өңірде еркін…
Қаз 17, 2024

Каусар – чемпионка области

С 10 по 13 октября 2024 года село Кыргауылды Жамбылского района стало местом проведения…
Қаз 17, 2024

Өнегелі өмір үлгісі

«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» депті Әлішер Науаи. Расында кітаппен дос…
Қаз 17, 2024

Қастерлі мамандық иелері

Кітап – өткен өмір мен бүгінгі өмірді тыныс-тандыратын, адамзат баласының ақыл-ойын…
Қаз 17, 2024

Тазалық сақтау тәрбиеден

Адамзат баласының алдында зор міндеттер тұр: бейбітшілікті, руханиятты, табиғатты қорғау,…
Қаз 17, 2024

Қазақстан азаматтығы тіл мен тарихты…

Қазақстанда азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білу талаптары белгіленді. Тиісті…
Қаз 17, 2024

Жаңа автобус бағыты іске қосылды

Бүгінде іргелес жатқан мегаполиске қатынайтын аудан тұрғындарының саны артуда. Осыған…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет