Бейсенбі, 31 Қазан 2024 10:36

Ащысайда спорт кешені ашылды

Ащысайлықтар
Республика күні қарсаңында тағы бір қуанышқа кенелді. Ол – ауылдағы спорт кешенінің ашылуы еді. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге облыс, аудан, басшылары келіп, жылы лебіздерін білдірді.


Қасиетті жұма күні мен еліміздің бас мерекесі – Республика күнінде ащысайлықтар осындай ақжолтай жақсылық-тың куәсі болды. Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов сөз сөйлеп, облыс бойынша спорт саласында атқарылып жатқан игі істерді баяндап, жиналған жұртты қос қуаныш-пен құттықтады.
Одан кейін Алматы облысының құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев жүрекжарды сөзін арнаса, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайын Өміржанов бата берді.
Спорт кешенін салған мердігер мекеме «СМУ Шығыс» ЖШС-тің басшысы Тастан Елжекенов ауданымыздан шыққан, кикбокстан әлемге танылып, ел мақтанышына айналған Елмұрат Қайыпжановқа спорт кешенінің кілтін табыс етіп, мердігер мекеме басшысына ауыл азаматтары шапан жауып, алғыстарын білдірді. Құтты қонақтар салтанатты түрде спорт кешенінің лентасын кесіп, шашу шашылды. Асқақтап әндер айтылды. Ғимараттың ішін аралап көрген қонақтар балалардың баскетбол, волейбол, бокс, күрес, тағы басқа да спорт түрлерімен жаттығып жатқандарын тамашалап, тарасты.
Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдар-лама қабылдау туралы айтып: «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», – деген болатын. Міне, сол тапсырма бүгінгі күндері жүзеге асырылып жатыр. Соның бір айғағы – Ащысай ауылында пайдалануға берілген спорт кешені.
Демек, алдағы уақытта ауданымыз-дың ауылдарынан чемпиондар шығып жатса, еңбектің еш кетпегені. Шелек өңірінде де осындай игі істер көбейіп келеді. Әсіресе ауылдық жерлерде спорт кешені ашылып, жастарға жақсы мүмкіндіктер жасалуда.
Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 334 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет