Бейсенбі, 31 Қазан 2024 10:42

Желбіре мәңгі, көк Туым!

Республика күні – Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланып, ата-бабаларымыздың аңсаған азаттығына жол ашқан, бүгінде ерекше мәнге ие тарихи мейрам. Бұл күні Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінің де маңызы зор. Аталмыш мерекені атап өту – барша отандастардың қуанышы. Осы орайда аудандық мәдениет үйінің алаңында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, аудан әкімі Талғат Байеділов сонымен қатар мәслихат депутаттары, жергілікті әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.


Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Республика күнінің маңыздылығын жеткізді.
– 1990 жылы 25 қазанда еліміз мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдап, тәуелсіздікке алғашқы қадам жасады.Осы уақыт ішінде Қазақстан қуатты, тұрақты мемлекетке айналды. Бірлік пен келісім – біздің бас-ты байлығымыз. Қоғамдық келісімді сақтай отырып, жетістіктерімізді арттырып, жарқын болашақты қамтамасыз етеміз. Республика күнін мерекелеу – еліміздің өркендеуіне негіз болған құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді. Бүгінгі Ту көтеру рәсімі – ұлттық рух пен патриотизімнің белгісі. Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Туымыз әрқашан биікте желбірей берсін, – деді Нұржан Кеңесұлы.​
Салтанатты шарада 6654 әскери бөлім оркестрінің сүйемелдеуімен Ту көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік Гимн шырқалды. Алыстан көзге ыстық көрініп, Гимнің әуенімен желбіреген Тудың бейнесі барша қатысушы-лардың патриоттық сезімін оятқандай. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары өнер көрсетті. Әуелете ән салған әнші-лер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 387 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ащысайда спорт кешені ашылды Ту көтеру рәсімі »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет