Бейсенбі, 31 Қазан 2024 10:51

Абырой – адал қызметте

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні бекітілгені белгілі. Содан бері қазан айының соңғы жексенбісі аталған кәсіби мерекеге арналып келеді.


Жуырда Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің үлкен
залында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімі Талғат Байеділов, аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Аталған саланың қызмет-кері болу үлкен жауапкершілік пен жүректілікті қажет ететіні анық. Осы орайда Талғат Байеділов өз сөзінде:
– Әлеуметтік қорғау жүй-есі қызметкерлерінің күні – бұл әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы мен құнды-лығын атап өтуге, әлеуметтік қызметкерлерге ерекше ең-бектері үшін ризашылық пен құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін күн. Бұл мереке бізге өмірде қиын жағдайға тап болғандарға қамқорлық пен қолдау көрсету қажеттілігін және әлеуметтік әділеттілік пен теңдіктің маңыздылығын еске салатын күн.
Бүгінгі күнде ауданымыз-дың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 12 мемлекеттік қызметкер мен 50 әлеуметтік кызметкер жұмыстарын жасауда. Қазіргі таңда ауданда 33 211 зейнеткер, 8 889 көп балалы отбасы, 6 653 мүмкіндігі шектеулі жан, 3 879 алтын және күміс алқа иегері және 16 жасқа дейінгі 1 257 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Міне, осы орайда, күн сайын сіздер ауданымыздағы зейнеткерлерге, адамзат мейірімін күтетін қамкөңіл жандарға, көп-балалы отбасыларға, табысы аз азаматтарға көмек қолын созып келесіздер – дей келе, қиындығы мен күрделілігі басым саланың қызметкерлеріне алғысы мен тілегін білдірді. Сондай-ақ, аудан әкімі кәсіби мерекеге орай әлеуметтік сала қызметкерлеріне марапаттарын табыстады. Айта кетейік, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ-дарламалар бөлімінің басшысы Қалдыгүл Айсина ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» меда-лімен, бөлімнің бас маманы Алма Қуанышева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хатымен, бөлім қызметкерлері Әсем Самыкова, Қарлығаш Тоқташева Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік салалар басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Өзге де елеулі еңбек көрсете білген қызметкерлерге аудан әкімінің Құрмет грамоталары табысталды.
Жиын барысында арнайы сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аурухана бас дәрі-герінің орынбасары Гүлмира Отынбекова орамды ойлары мен мәнді құттықтауларын жеткізді.
Үлкен деңгейдегі марапатқа ие болған бөлім басшысы Қалдыгүл Оспанәліқызы жиын соңында: «Қоғамдағы күрделі мәселелермен айналысатын болғандықтан, әлбетте жұ-мысымыздың оңай еместігі анық. Дегенмен, ұжымымыз халықтың игіліне қызмет атқару жолында аянбай еңбек етіп келе жатқаны үшін алғысым шексіз. Бұл марапат маған ғана тиесілі емес, бұл жетістіктің артында жұмылған жұдырықтай ұжымның еңбегі тұр деп білемін», – деп әріп-тестерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 395 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлық мереке ұлықталды Он жил для людей, и они его помнят »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет