Бейсенбі, 31 Қазан 2024 11:49

Ұлық мереке ұлықталды

Соңғы жылдары ұмыт бола бастаған Республика күні ұлық мерекелердің қатарына қосылды. Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мейрамды «жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал ететін күн» деп атады. Осы орайда Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде мәні мен маңызы зор мереке жоғары деңгейде
аталып өтті. Ауқымды шараға аудан әкімі Талғат Байеділов, еңбек ардагерлері, округ әкімдері мен бөлім қызметкерлері қатысты. Салтанатты мереке ҚР Мемлекеттік Гимнімен
басталды.


Мерекелік алғашқы құт-тықтау сөзді алған Талғат Байеділов азаттығымыздың айғағы бола білген Республика күнінің терең мәніне тоқталды.
– Республика күні – өрлік пен елдіктің, егемендік пен тәуелсіздіктің нышаны әрі қай-нар көзі болған ерекше күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. Расында да, Қазақстанның жаңа жылнамасының басталуына бірден-бір негіз болған ерекше тарихи сәт, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануы болғандығы сөзсіз. Себебі, егемен еліміздің дербес дәуірі, салтанатты сапары сол тарихи оқиғадан басталған еді. Міне осы бір ерекше күнге Президентіміздің ұсынысымен 2022 жылы ұлттық мереке мәртебесі беріліп, жаңа мазмұнда қайта түлеп, жаңғырып, ұлтымызды ұлықтайтын мерекеге айналды. Сондықтан, елдіктің еңселі рухы, бірліктің биік байрағы бар елде егемендік мерекесін ұлттық мереке ретінде атап өтудің маңызы ерекше. Бұл мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болып қала бермек, –дей келе, елдің даму көшінде «Алтын адамның» киелі шаңырағы бола білген Еңбекшіқазақ ауданының да өзіндік орынына, аудан тұрғындарының ерен еңбектеріне, өңірдегі үздіксіз даму жолындағы экономиканың бағыттарына тоқталды.
– Бүгінде аудан тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар бой көтеріп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласында бірқатар көрсеткіштерге қол жеткіздік. Әсіресе, стратегиялық жобаларды іске асыруға біздің аудан қомақты үлес қосуда. Инвес-тициялар тартылып, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынуда.​Мысалы, ауданымызда ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 64,8 млрд теңгені, өнеркәсіпте 72,2 млрд теңгені, жалпы инвестиция көлемі 84,4 млрд теңгені, бөлшек тауар айнылымы 63,8 млрд теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі 47,6 млрд теңгені құрады.Сондай-ақ, 62 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,13 елді мекенде ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, 117 шақырым ішкі жолдарды жөндеуге 3 млрд 523 млн теңге қарастырылды, 3 мектепті күрделі жөндеуге 3,4 млрд теңге қаражат бөлінді, 370 пәтерлі 9 тұрғын үйдің құрылысы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, ертең қуанышты жаңалықтардың жалғасы ретінде халық игілігі үшін Ащысай ауылын-дағы 50 орындық спорт кешенінің құрылысы аяқталды, – деген аудан әкімі өзге жетістіктер мен игілікті бастамаларды шолды. Сондай-ақ, Республика күніне орай Мемлекет басшысы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапаттаған қарапайым еңбек адамы, «Адал» компаниясының механизатор-трактористі Чегебаев Ерғали Нұрғазинұлын және Бартоғай ауылдық округіне қарасты Бижанов ауылының ақсақалы Аянбек Даутқұлұлының «Алматы облысы-ның құрметті азаматы» атағын иеленгенін айтып, көпшілікті ұлттық мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.
Аудан әкімі Талғат Ескендірұлы мерекеге орай «Еңбекшіқазақ ауда-нының құрметті азаматы» атағына ие болған еңбек ардагерлеріне марапаттары мен төсбелгілерін табыс етті. Мемет Кадыров, Әріп Сыбанбаев, Жантайлақ Касенов, Алпысбай Акылбеков, Наталья Коротина, Шахаудин Бахамов, Бахыт Жүсіпов, Нуриля Мусаева, Темірлан Еркінбеков, Улбосын Тасирова, Куандык Бахтамбаев саналы ғұмырын ел мен жерге арнай білген азаматтар ауданымыздың құрметті азаматтары атанды. Сонымен қатар өз саласында елеулі еңбек атқарып келе жатқан қызмет-керлерге облыс әкімі мен аудан әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табысталды.
Мереке концерттік бағдарла-мамен жалғасын тапты. Сахнада төрінде Саят Медеуов, Ұшқын Жамалбек сынды эстрада жұл-дыздары өнер көрсетті. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйі өнер-паздарының патриоттық сазды әуендері шырқалды.
Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 141 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ту көтеру рәсімі Абырой – адал қызметте »

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет