Бейсенбі, 07 Қараша 2024 10:00

Апат айтып келмейді

Адамзат жаратылғаннан бері әртүрлі табиғи апаттарды басынан өткеріп, табиғаттың қаншама сұрапыл, жойқын, бұзушы күштеріне куә болып келеді. Апат айтып келмейтіні рас. Алайда алдын ала дайындық шараларын жүргізіп, кез келген апатты жағдайларға етене дайындалсақ өзімізді сақтап қалуға жақсы мүмкіндік. Осы орайда ауданымызда  «Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған жағдайда басқару органдарының, авариялық-құтұару қызметтерінің және халықтың

іс-әрекеттері» тақырыбында  кешенді оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығу Алматы облысы «Жұмылдыру» дайын-дығы басқармасының басшысы Ғалым Тоқпейісовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық  комиссияның жоспардан тыс отырысынан басталды. Қа-тысушылар 2024-2025 жыл-дардағы жылыту маусымына дайындықты және қыста болар апаттың алдын алу жолдарын түсіндірді.  Өз кезегінде Есік қаласының және Шелек ауылының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Жанабілов жолдарды қысқы күтіп ұстау мәселесін айтып өтті.

Ары қарай оқу-жаттығу Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің  алаңында жалғасты. Оқу-жат-тығу жоспары бойынша, ауданда «9 балдық жер сілкінісі» болды. Нәтижесінде ғимараттар мен құрылыстар «қирады». Көп жерлерде «өрт» шығып, байланыс жұмысы бұзылды. Қатысушылардың алдында төтенше жағдайдың салдарын жою міндеттері тұрды. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің аумағында ҚР ТЖМ Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлі-мінің әскери қызметшілері зардап шеккен халықты уақыт-ша орналастыру үшін шатырлы лагерь ашты. Барлық қызметкерлер ғимараттар мен құрылыстарды тексеруге, төн-ген авариялық жағдайларды ретке келтіруге кірісті. Жер сілкінісі кезінде селдің пайда болу қаупі де назардан тыс қалмады. Тартылған қызметтер мен техниканың күшімен Есік өзенінің аңғары «тазартылды».

– Бүгінгі төтенше жағдай-дағы практикалық іс-қимыл-дарды пысықтау – жер сілкінісі кезінде күштердің дайындығын және қаражаттың жеткіліктілігін тексеруге мүмкіндік берді. Апаттық жағдайларға алдын ала дайын болуымыз шарт. Іс-қимылдардың жеделдігі, тактикалық арнайы оқу-жат-тығудың әрбір қатысушысы-ның кәсібилігі қойылған мін-деттерді орындауға және оң баға алуға мүмкіндік берді, – деп қорытындылады Ғалым Тоқпейісов.

 

     Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 757 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет