Бейсенбі, 07 Қараша 2024 10:56

Ерекше ауыл болған Нұрлы деген

Масақ ауылдық округіне қарасты Нұрлы ауылы тікелей Мәскеудің нұсқауымен басқа ауылдардан ерекше, қала типтес үлгіде жастар қалашығы ретінде бой көтерген болатын. Үлкен Алматы каналының(БАК) салынуына байланысты, осы игі бастаманың жалғасы ретінде тың жерді игеру мақсатында Д.Қонаевтың ұсынысымен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысы шығарылып, 1984 жылы Масақ ауылының күшығысында, 18 шақырым қашықтықтағы жазық дала қызу еңбек дүбіріне бөленді.

Құрылысы қарқынды жүр-гізіліп, ерекше үлгіде салынған жаңа қонысқа жан-жақтан көшіп келген жастардың жақ-сы тұрмысқа жайлы құтты мекеніне айналды.

Ауыл шаруашылығын да-мытуға әрі болашақта жер қойнауындағы байлықты игеретін өндіріс орындарына азық-түлікпен қамтамасыз ететін база ретінде де жоспарланып салынған қалашықтың қуанышын көру көпке бармады. КСРО құлап,  әр ел өз тәуелсіздігін жариялап, аласапыран болған өтпелі қиын-қыстау кезінде күн көрісі қиындаған тұрғындардың басым бөлігі қала жаққа, басқа да елді мекендерге көшуге мәжбүр болып, ауыл қаңырап қалған-ды. Заманауи үлгіде салынған ғимараттар мен тұрғын үйлер ұстағанның қо-лында, тістегеннің аузында кетіп, қаңқалары ғана қалды. Бүгінгі күні халық: «Әттең, Нұрлы десе, нұрлы еді-ау!» деп қынжылыспен еске алады.

Институтты бітірісімен осы игі бастамада алғаш еңбек жолын құрылыс шебері, 8 айдан кейін бас прораб болып жұмыс істеген Мәлібек Молдабековтің айтуы бойынша, 1984 жылдың ақпан айында Алматы облысының партия комитетінің бірінші хатшысы болған Марат Меңдібаев пен жаңа қалашықтың алғашқы директоры Сайлаубек Нұрбеков жаңа қоныстың алғашқы қазы-ғын қаққанын, одан кейін қызу құрылыс жұмысы қолға алын-ғанын айтты.

Жоба бойынша түзу көшелер жүргізіліп, 624 орындық мектеп, 200 орындық балабақша, 3000 орындық сауда-мәдени орталық, екіқабатты әкімшілік ғимараты, өрт сөндіру депосы, ауданда жоқ фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылды толық жылумен қамтамасыз ететін орталықтандырылған үлкен қазандық, кешенді монша, 1 500 ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасы, бүкіл ауылға орталықтандырылған  кәріз, су құбырлары жүйесі тартылыпты.  Ал тұрғындар үшін бір-біріне ұқсамайтын 382 екіқабатты, балконымен үйлер, тіпті сауықтыру орны – санаторий де  салынған екен. Ғимараттардың алдыңғы жағы мен тұрғын үйлердің балконы, көше жиегіндегі қоршаулар қазақтың ою-өрнегімен безен-діріліп жасалыпты. Бұл құры-лысты жүзеге асыруға Алматы қаласы мен облыстан 48 мердігерлік мекеме тартылыпты. Балабақшаның ашылу салтанатына Қазақстан КП-ның бірінші хатшысы Д.Қонаев арнайы келіп, лентасын қиып, тұрғындарды құттықтапты. ҮАК суын тиімді пайдалану үшін алқаптарға су бұрқақтарымен суару құрылғыларын да жүр-гізгенінің өзі ол кезде тың жаңалық еді.

«Мен ауыл құрылысында сегіз ай шебер болып істедім. Бір жылдан соң бас прораб болып істеген Елмұрат Бижанов қалаға жұмысқа ауысты да, оның орнына мені тағайындап, 1987 жылға дейн еңбек еттім, одан соң облысқа жұмысқа ауыстым. Құрылыс шебері болып Ерлан Омаров, одан кейін Сәкен  Әбдіхалықов істеді. Құрылыс басталғанда тың жердің үстіңгі топырағы борпылдап, шаңнан көз аша алмаған соң, тракторлармен сүріп, камаздарға тиеп, сазда қамыстың арасына апарып төккен кезіміз де болды. Алматы облысының ауыл шаруашылық  басқармасынына қарайтын құрылыс кәсіпорны дирекциясының басшысы Стақан Белғожаев, оның бас инженері Амангелді  Бегім-бетовпен тікелей жұмыс жүргіз-дім. Жоба институттарымен, 48 мердігерлік мекемемен келісім шарт жасасып, тиісті құрылыс материалдар мен құрал-жабдықтар, қаржылық мәселелер жұмыстарына жауапты болдым. Бір аптаның 3-4 күнінде қалаға шапқылап, құрылыстың қарқынды әрі тез бітіруге бар күшімізді салдық. Өз кезінде республикада басқа ауылдардан ерекше, жаңа үлгіде қала типтес етіп бой көтерген Нұрлының аянышты күйін көр-генде ішің удай ашиды екен. Құдайға шүкір, қазір тұрғындар көбейіп, шет елден қандастар келіп, осында қоныстанып,ауыл қайта өрлеп келеді», – дейді Мәлібек Жапекұлы өткен күнді еске алып.

Кезінде ерекше ауыл болған Нұрлының құрылғанына 40 жыл толу құрметіне арналған салтанатты жиынға аудан басшылары, бұрынғы тұрғындар мен құрылыста істеген мамандар және басшылар, басқа да сыйлы қонақтар келді. Бірінші болып сөз алған аудан әкімі Талғат Байеділов бұл ауылдың тікелей Мәскеудің нұсқауымен салынғанын, келешекте ауыл бұданда әрі көркейе беретінін айтып, тұрғындарды қуаныш-тарымен құттықтады.

Одан кейін Нұрлы ауылы-ның алғашқы директоры болған, Алматы облысының құр-метті азаматы Сайлаубек Найманұлы өзі еңбек еткен ауылға деген сағынышын айтып, қазір ел Президенті Қ.Тоқаев ауыл әлеуетін  арттыру мәселесін көтергенін, облыста жаңа қала бой көтеріп жатқанын, әр ауылдың дамуына жергілікті басшылар қолдан келген жағдай жасап жатқанын, соның ішінде осы Нұрлы ауылына да ерекше көңіл бөлінетінін айтты. «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші,тұрғындарды да қолдан келгенше ауылды көркейтуге атсалысуға шақырды.

Бұрын кеңшардың бас маманы, ауыл әкімі болып істеп, зейнетке шыққан ардагер Қанатбек Жүнісов өз сөзінде: «Сайлаубек аға бір күні мені қасына ертіп алып, осы жазық жерге әкеліп, бұл жерде жаңа елді мекен болатынын айтып еді. Көп ұзамай керемет ауыл өмірге келді.  Нұрлы сүт өнімін өндіруде   республиканың алдыңғы қатарынан көріне білді. Ауыл шаруашылық жұмысы алға басты. Осы ауылда еңбекші халық үшін санаторий де шылған еді. Осы ерекше, керемет ауыл өтпелі кезеңде қатты құлдырап, қаңырап қалып еді, енді міне қайта дамып келеді», – деп, сөз соңында жерлестеріне бірлік пен береке тіледі.

Қазір Нұрлы қайта нұрла-нып келеді. Тұрғындар да көбейген, тірліктері де жаман емес. Ел қатарлы барымен базар болып, бұзылған ғимараттарды қайта қалпына келтіріп, керектеріне жаратуда. Бұрынғы сауда-мәдениет орталығының бір бөлігіне жа-мағатқа арналған мешіт салып алды. Құс фермасы жұмыс істейді. Адамдары мал бағып, егіс егеді. Сауда, басқа да халыққа қызмет көрсету орындары бар. Ауылдың жанынан өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай  халықаралық транзиттік автожолы  өткен ғасырлық Ұлы Жібек жолының қазіргі уақыт-тағы баламасы ретінде бүгінгі стратегиялық маңызға ие.

«Жетіген – Қытай» темір жолы да осы ауылдың маңайы-нан өтеді. Бұл екі жол да жергілікті тұрғындар үшін бизнес ашып, сауда-саттық жасау-ға жағдай жасайтыны анық. Сонымен қатар, ебінің желі үдеп соғып тұратын Нұрлы жерінде жел электр станциялары орнатылып, елді жарықпен қам-тамасыз етуде.

Салтанатты жиынға келген қонақтар ауыл мектебінің  өнерпаз оқушылары әзірлеген шағын концертін, сондай-ақ  елге танымал дәстүрлі ән шырқаудың шебері Гүлшат Тәкежанова мен композитор, әнші әрі ақын Дәуір Са-ғындықовтың құйқылжыта орындаған әуезді әндерін тыңдап, одан кейін арнайы әзірленген астан дәм татып, тарасты.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 479 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Богутинский ГОК вступил в строй Апат айтып келмейді »

Соңғы жаңалықтар

Желт 05, 2024

Жыл қорытындысы қазақстандықтардың…

2024 жылдың 5 желтоқсанында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер…
Желт 05, 2024

Итоги года глазами казахстанцев:…

5 декабря 2024 года в Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте…
Желт 05, 2024

Талантымен танымал Талғат

Жақында Шелек мәдениет үйінде Талғат Теменовтің мерейтойына байланысты ауыл тұрғындарымен…
Желт 05, 2024

Қос тұлғамен кездесу

Жуырда Шелек политехникалық колледжінің мәжіліс залында ұлтымыздың ұлағатты тұлғалары –…
Желт 05, 2024

Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны…

Әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім…
Желт 05, 2024

От жилищного строительства до…

В Послании Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Экономический курс…
Желт 05, 2024

Алматы облыстық мәслихатының…

Мен Дүйсебаев Қуат Құрманғалиұлы, 1967 жылы 27 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданы Гайрат…
Қар 28, 2024

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық…

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі (Нұр-Сұлтан қаласы) Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік…
Қар 28, 2024

2. ОО «Atamnyn amanaty», Астана,…

https://atamnyn-amanaty.kz/, Здравствуйте! Для подачи заявки в ОО «ATAMNYN AMANATY»…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет