Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2024 13:18

Қос тұлғамен кездесу

Жуырда Шелек политехникалық колледжінің мәжіліс залында  ұлтымыздың ұлағатты тұлғалары – еліне ерлігімен еңбегі сіңген мемлекет және қоғам қайраткері, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларының ардагері,

генарал-полковник Сәт Тоқпақпаев жәнежурналист, ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан жазушылар,

журналистер одағының, халықаралық

жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі,

«Алаш» әдеби сыйлығының иегері

Сәуле Досжанмен «Ер атағын ел сақтар,

ел үмітін ер ақтар» атты

кездеу өтті.

Жастардың бойына патриоттық сезімді дамыту, Отанға, елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған бұл басқосуға қос танымал тұлға-мен бірге мемлекет қауіпсіздігі комитетінің ардагер полковнигі Қараби Мұхамбетқалиев пен алғашқы  әскери дайындық пәнінен ұстаздық еткен, Ауған соғысының ардагері, запастағы капитан  Әсет Алжанбай қатысты.

Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы университеті заң факультетінің, Минскідегі КСРО Мемлекеттік күзет қызметі №302 жоғарғы мектебінің және КСРО Сыртқы істер министрлігінің жоғарғы дипло-матиялық мектебінің түлегі, ҚРҰҚК-нің төрағасы, ҚР Пре-зиденті Күзет қызметінің бастығы – ҚР республикалық гвардиясының қолбасшысы, ҚР Қорғаныс министрі, кейін Президент кеңесшісі, Президенттің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтау мәселелері жөніндегі комиссиясының басшысы қызметтерін атқарған Сәт Бесімбайұлы  жастарға өзінің ата-анасының қарапайым жұмысшы екенін, өзі де еңбек жолын ұжымшарда жұмысшы, Боралдай кірпіш зауытында от жағушы болудан бастап, бүгінгі ауыз толтырып айтатындай жоғары дәрежелі лауазымдарды жауапкершілікпен атқарғаны жайлы айтып берді. 

Жастарға да ең әуелі елін қорғауға, білім үйреніп, төккен терді Отан үшін өмірін арнау – азаматтық парыз екенін айтты.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» – деп Абай айтпақшы, Парламент Мәжілісінің депутаты болып, «Халық қаһарманы» атанып, айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденінің иегері Сәт Тоқпақбаев 17 қыркүйекте 85 жасқа толып,  ақсақалдық жасында жастарға Отанның оттан да ыстық екенін мысалдармен жеткізіп, жастарды қызықтырған түрлі сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Халыққа «Жыр тәж», «Менің жалғыз серігім» (поэзия), «Үшінші есіктің құпиясы», «Жатқа туған бала», «Арман қала», «Үлкен үйдегі үрей», «Құдіретті қалам иесі», «Өгей жүрек»,  «Сағыныш», «Қасірет пен тағдыр», «Ауылдан шыққан миллионер», «Үзілген үміт», «Бір туар», «Мақсатқа барар жолда», «Жалғыздың жарасы» (проза), «Таңдамалы шығармалар» кітаптардың авторы Сәуле Мағазбекқызы да ерінбей ізденіп, қарапайымдылықтан қадірлі дәрежеге көтерілген ардақты ана. Абыройы асқақтап, талай туындылары орыс, жапон, француз, тағы басқа тілдерге аударылып, әлемге танылған жазушы, «Парасат» орденінің иесі 7 қыркүйекте 65 жасқа толды.

«Алдыңғы жақсы, артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!» – деп  қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, Сәуле Мағазқызы жастарға керекті, өмірге тірек етер кеңесін айтып, адамгершілікке жол сілтеді. Қазіргі шетел асып, қара жұмысқа жегіліп, біраз артық ақша тапқанға мәз болмай,  озық елдің білімін үйреніп, еліне керекке асыруға, қара бастың емес, халқының қамын жеуге шақырды.

Жазушының Семей поигонынының салдарынан қаншама өмір жайқалған гүлдей мерзімінен бұрын солған қасіретін колледждің 3 курс студенті Эльнара Абилова  өзі тебіреніп жазған  «Қыз монологін» оқып берсе, өнерлі  жастар би билеп, патриоттық әндерімен жан дүниені тербетті. Колледж директоры Қуат Дүйсебаев қос тұлғаға шапан жауып, Алғыс хатпен марапаттап, жастарға тәрбиелік мәні зор сөздері үшін алғысын айтты.  ҰҚК-нің ардагер қызметкері, полковник Қараби Мұхамбетқалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайсар Асқарұлы, ақын Сәуле Досжанның  сыныптасы, ішкі істер органының ардагері, адвокат Бақытжан Қырықбаев пен ұлттық университетте бірге оқыған курстасы Анарбек Бердібаев бұл кездесудің жастар үшін болашақта өмірлеріне темірқазық болатын түзу жол екеніне кәміл сенім білдіріп, жазушыға, генералға шығармашылық табыс, зор денсаулық тіледі. Танымал тұлғалар жаңа кітаптарын жастарға сыйға тартып, естелік суретке түсті.

Д.А.Қонаев ақсақал айтып кеткен мына ұлағатты сөзі: «Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» керектігі осы аға буын мен келешек иелерімен бас қосып, сабақтастық жалғасын табуымен шынайы көрініс тапты.  Ақыл, кеңес айтатын ақсақал қариялар болса, жастар да жақсылық шыңына шығуға ұмтылатыны анық.

 

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

Оқылды 709 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 18, 2025

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы…
Сәу 18, 2025

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін…

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында…
Сәу 18, 2025

Тұрақты даму мақсаттары

2025 жылдың 9 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және…
Сәу 17, 2025

Сарсаңға салған «синтетика»

 Әр заманның, қоғамның өзінің кемшін тұстары болады. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында қазақ…
Сәу 17, 2025

Балық шаруашылығының бағбаны еді

1940 жылдың 24 сәуірі Олжаевтар әулеті үшін ерекше күн болды. Өйткені, нақ аталған күні…
Сәу 17, 2025

Сарқылмас білім бұлағы

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа…
Сәу 17, 2025

Их имена не должны быть забыты

Бакыт Исмагулова, ветеран Каракемерской в/ч 6654 Национальной гвардии РК, до выхода на…
Сәу 17, 2025

Батыр патриот

Биылғы жылы Қазақ Республикасы құрамында болған Кеңес Одағының фашистік Германияны…
Сәу 17, 2025

Память зависит от ныне живущих…

В годы Великой Отечественной войны 13 уроженцев Енбекшиказахского района стали Героями…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет