Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2024 12:29

Талантымен танымал Талғат

Жақында Шелек мәдениет үйінде Талғат Теменовтің мерейтойына байланысты ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, оның «Қызыл орамалды Шынарым» атты қойылымынан үзінді көрсетілді. 15 жылдан бері сахнадан қойылып келе жатқан бұл шығарманы халық қызыға тамашалап, қошемет көрсетіп, қол соқты. Рөлдерде ойнаған еліміздің танымал актерлері Әлихан Карибаев, Аида Жантілеуова, Анар Әділо-ва, Әсет Иманғалиев, Сәкен Рақышев, Мерей Аджибеков, Қуаныш Турдалин, Мұсахожа Мейіржан және Елдар Отарбаевтар  көрермендерді  шеберлігімен тәнті етті. Сондай-ақ  атақты  актерлерден Райхан Қалиолдина, Жомарт Зейнәбіл. Динара Абикеева және Бақыт Тұшаев қонақ болып қатысып, Талғаттың еңбегінің жемісіне кенеліп, шығармасының одан да әрі табысты болуына тілектерін білдірді.

Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін, Мәскеудегі бұрынғы КСРО Мемлекеттік кино жа-нындағы жоғары режиссерлер мен сценарийшілер курсін бітірген Талғат Теменов әуелі Талдықорған облыстық драма театры труппасының актері, кейін «Қазақфильм» студиясында режиссердің көмекшісі әрі сценарист, кинорежиссер, «Мосфильм» студиясының кинорежиссері қызметтерін ат-қарды.  Ал  одан кейінгі  жылдары Алматы мемлекеттік театр және кино институтының (Қазақ ұлттық өнер академиясы) ректоры, «Қазақфильм» кинокомпаниясының көркемдік жетекшісі, Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының директоры болды.

Алғашқы туындысы – «Адамдар арасындағы бөлті-рік» толық метражды көркем фильмі Майндағы Франкфурт қаласында өткен 15-Халық-аралық кинофестивальдің гран-при, Италияда «Күміс аю» жүлдесіне және Португалияда өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Талғаттың өзі жазған сценарийі бойынша «Адамдар арасындағы бөлтіріктен» басқа «Шаңырақ», «Қайдасың сен, Чапай?», «Торо», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті», «Алма бағы» көркем фильмдері, С.Сметаевпен бірігіп «Көгілдір такси», басқа да пьесалар жазды. Тарихи тақырыпқа қойылған «Көшпенділер» фильміне режиссер ретінде қатысты. «Қайырлы таң», «Гүлназ», «Ой жасын» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.

Талғат Теменов талантының арқасында «Қазақстан-ның еңбек сіңірген әртісі», «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына ие болды. «Құрмет», «Парасат» орден-дерінің иегері атанды. «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» және басқа да медальдармен марапатталды. Қазақстан Театрлар Ассоциясының «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Театр өнерін дамытуға қосқан орасан зор еңбегі үшін» аталымы бойынша марапатталды. Сондай-ақ профессор атағы да бар.

Өнер саласында талантымен танылған жерлесіміз Талғатты 70 жасқа толған жасымен құттықтап Алматы облысының құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев, Шелек ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Әбілбек Айтақынов сөз сөйледі. Шығар-машылық ісіне табыс тілеп, иығына шапан жауып, ақ баталарын берді. 1972 жылы алтын ұя – мектептен бірге қия – арманға қанат қаққан сыныптастары құттықтап, шапан жауып, сыйлықтарын салтанатты түрде табыс етті. Талғат Теменовтің мерейтойы құрметіне арналған шығармашылық кешіне облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев арнайы  қатысып, құрмет көрсетті.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

 

Оқылды 892 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет